
2022 жылғы 12 қазанда Zoom-конференция режимінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері бойынша жұмыс мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске облыстық және аудандық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісінен 287 өкіл қатысты.
Мәжіліс барысында қатысушылар 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша СҚО бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды талдау туралы, ағымдағы күнге өткізілмеген сатып алулардың үлесі туралы, сондай-ақ ҚР қолданыстағы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасындағы жаңалықтар туралы хабардар етілді.
Қатысушыларды қызықтыратын мәселелер тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырма беруі болды. Аталған тақырып бойынша тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Д.Ж. Мәжитов баяндама жасады.
Жеткізушілерді жосықсыз тізілімге қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қатысты басқарма басшысының орынбасары А.Б. Ганенко сөз сөйледі.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар "Мемлекеттік сатып алуды мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына қолданысқа енгізілген түзетулер туралы хабардар етілді.
Осы мәжілістің мақсаты мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау және ықтимал бұзушылықтарға жол бермеу туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу болып табылады.