
2022 жылғы 7 шiлдеде Zoom-конференция режимiнде тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу мәселелерi бойынша онлайн-кеңес өткiзiлдi.
Жұмыс кеңесiне облыстық және аудандық деңгейдегi бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi қатысты.
Кеңес өткiзу барысында қатысушылар 2022 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша СҚО бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды талдау туралы, ағымдағы күнге өткiзiлмеген сатып алу үлесi туралы, сондай-ақ ҚР мемлекеттiк сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасындағы жаңалықтар туралы хабардар етiлдi.
Қатысушыларды қызықтырған мәселелер тапсырыс берушiнiң бiрыңғай ұйымдастырушыға жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге тапсырма беруi болды. Осы тақырып бойынша мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң басшысы М.Т. Ортамышев баяндама жасады, мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс нормалары мен құрылыс ережелерiн қолдануға қатысты инженер-құрылысшы А.Н. Иванов сөз сөйледi.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайту, сондай-ақ жеткiзушiнi таңдаудың объективтi және ашық критерийлерiн пайдалану үшiн құрылған электрондық дүкен түрiнде сатып алудың енгiзiлген тәсiлi туралы ақпарат берiлдi. Бiр көзден сатып алуды қысқартуға қатысты, жаңа енгiзiлiмдерге сәйкес, мемлекеттiк сатып алу туралы Заңның 39-бабының мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тiкелей жасасудың 4 негiзi алынып тасталды. Бiр көзден сатып алу ерекше жағдайларда, сондай-ақ бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiм қабылдағаны үшiн бiрiншi басшылардың қолда бар дербес жауапкершiлiгi туралы жүзеге асырылуға тиiс.
Аталған онлайн-семинарлардың мақсаты мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы мүлтiксiз сақтау және ықтимал бұзушылықтарға жол бермеу туралы бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне жеткiзу болып табылады.