Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылау

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын талқылау

2022 жылғы 24 наурызда «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сатып алу басқармасы» КММ ұжымында Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын (бұдан әрi — Жолдау) талқылау өттi.

Басқарма басшысының м.а. — Анжелика Борисовна Ганенко Мемлекет Басшысының Жолдауындағы құқық қорғау институттарын күшейту саласындағы маңызды аспектiлердi атап өткен негiзгi реформаларды атап өттi.

Қазақстандықтардың құқықтарын сақтау тетiгiн жетiлдiру үшiн Президент Конституциялық Кеңестi Конституциялық сотқа айналдыруға бастамашы болды.

Әдiл және құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам, сондай-ақ Есеп комитетiн жылына 2 рет мәжiлiс алдында есеп беретiн жоғары аудиторлық палатаға айналдыру болады.

Жалпы, Жолдауда айтылған барлық бастамалар ел дамуының жаңа кезеңiн белгiледi.

«Жаңа Қазақстанды» құру стратегиясы ұжымның оң пiкiрiн тудырды.