
2021 жылғы 20 тамызда "Нарықты мониторингiлеу және сараптау орталығы" ЖШС ("сатып алудың бiрыңғай терезесi" порталының операторы) Солтүстiк Қазақстан облысының бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiмен "ZOOM" платформасы арқылы таныстыру семинарын өткiздi. Конференция шеңберiнде мемлекеттiк сатып алудың негiзгi қағидаттарын қолдана отырып, сатып алу қызметiн оңтайлы, тиiмдi жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттiк органдарға арналған негiзгi Талдамалық құралдар көрсетiлдi.
Семинар барысында "Сатып алудың бiрыңғай терезесi" порталының түрлi компоненттерi бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, қатысушыларды "Жергiлiктi мазмұн" қойындысы қызықтырды.
Таныстырылым нәтижелерi бойынша "Сатып алудың бiрыңғай терезесi" порталының өкiлдерi, Солтүстiк Қазақстан облысының бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiне абоненттiк қызмет көрсетуге шарт жасасу құны ұсынылды.