Мемлекеттiк сатып алу бойынша онлайн-кеңес

Мемлекеттiк сатып алу бойынша онлайн-кеңес

2020 жылдың 24 желтоқсанында Zoom-конференция режимiнде онлайн-кеңес өткiзiлдi. Күн тәртiбiнде келесi мәселелер қаралды:

1. Қаржы жылының қорытындылары (мемлекеттiк сатып алудағы бұзушылықтар, шарттардың орындалуы (тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлген қызметтердi қабылдау-беру актiлерi, ақы төлеу, тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетiлетiн қызметтердегi жергiлiктi қамту туралы есеп)). 2021 жылға арналған мемлекеттiк сатып алу жоспарлары (мемлекеттiк сатып алуды Облыстың бiрыңғай ұйымдастырушысы жүзеге асыратын тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi туралы).

Баяндамашы:

А.Б. Ганенко — мемлекеттiк сатып алу мониторингi және әкiмшiлендiру бөлiмiнiң басшысы.

2. Тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды, оның iшiнде тұрғын үй сатып алуды өткiзу қорытындылары және 2021 жылға арналған алдағы жоспарлар туралы.

Баяндамашы:

Ә.К. Ищанова. — тауарларды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң басшысы.

3. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды өткiзу қорытындылары және 2021 жылға арналған жоспарлар туралы (жұмыстар бойынша мемлекеттiк сатып алуды өткiзуге құжаттаманы ұсыну туралы).

Баяндамашы:

М.Т. Ортамышев — жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу бөлiмiнiң басшысы.