
Мемлекеттік қызметші күні аясында мемлекеттік қызмет саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалауға, сондай-ақ қоғамға қызмет етуді мақсат тұтатын, жауапкершілігі жоғары, адамгершілік қасиеттері мол азаматтарды тәрбиелеуге зор үлес қосқан олардың ата-аналары мен отбасыларына алғыс білдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Іс-шара барысында қызметкерлерге ата-аналарына табыстау үшін алғыс хаттар берілді. Бұл хаттар жауапты, мақсаткер, өз ісіне адал әрі мемлекеттік қызметтің абыройын лайықты түрде көрсетіп жүрген мамандарды тәрбиелегені үшін құрмет пен ризашылықтың белгісі болып табылады.