
Құрметті тұрғындар!
Мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес 08.09.2025 жылға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жоспары 339,9 млрд. теңге сомасына жоспардың 106 964 тармағын құрады, оның ішінде 33,47 млрд. теңге сомасына тауарлар, 229,8 млрд. теңге сомасына жұмыстар және 75,96 млрд. теңге сомасына қызметтер.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы 08.09.2025 жылға 179 130,5 млн. теңге сомасына 718 конкурстық рәсімді жариялады. 176 889,2 млн. теңге сомасына 696 сатып алу бойынша қорытындылар шығарылды, 2 241,3 млн. теңге сомасына 22 сатып алу бойынша ашылу мерзімі басталған жоқ.