Меню

Страницы

Статья

Назар аударыңыз: алаяқтарға алданып қалмаңыз

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа алаяқтық әдiсi туралы ескертедi. Өзiн "БЖЗҚ" АҚ қызметкерiмiн деп таныстырып, салымшының зейнетақы шотын ашу үшiн қандай да бiр банктiк шотты толтыруды сұрайтын анықталмаған тұлғалардың бiрлi-жарым қоңырау шалу жағдайлары басталды. Зейнетақы шоты, қоңырау шалушылардың айтуынша, сот iсiн жүргiзу үшiн өтемақы төлеу бойынша шетелдiк банктерден төлемдер қабылдау үшiн қолданылады екен. Егер сiз ақша аударудан бас тартсаңыз, зейнетақы шоты бұғатталып қалады-мыс .

БЖЗҚ мұндай қоңыраулар БЖЗҚ қызметкерлерiнен түспейтiнiн ескертедi және мұндай қоңыраулар түскен жағдайда әңгiменi тоқтатуды сұрайды (!). Сондай-ақ, төмендегi заң тармақтарын естерiңiзге саламыз:

  • "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрi — Заң) 50-бабының 3-тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндiрiп алуға жол берiлмейдi.
  • "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 98-бабы 14тармағына сәйкес, салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан өндiрiп алуға болмайды.

Осылайша, сот орындаушысының немесе кез келген үшiншi тұлғаның сiздiң жеке зейнетақы шотыңыздағы зейнетақы жинақтарынан өндiрiп алуы мүмкiн емес.

Сiздiң жеке зейнетақы шотыңыз ешқандай жағдайда бұғатталмайды!

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы