Меню

Страницы

Статья

Жойылған банктерде депозиті болған 230 мың адамның зейнетақы шоттарына ҚДКБҚ-дан кепілдік берілген өтем ақша аударылды

2022 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша жойылған сегіз банктің 229 715 салымшысының талап етілмеген кепілдік өтем сомасы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры төлемді аяқтағаннан кейін ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) ретінде БЖЗҚ-ғы жеке зейнетақы шоттарына аударылды.

Кепілдік берілген талап етілмеген өтем сомасы дербес деректері (ЖСН, ТАӘ) БЖЗҚ базасындағы деректерге сәйкес келген салымшылардың шоттарына аударылды. Сондай-ақ, салымшының жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаты мен міндетті және (немесе) міндетті кәсіптік және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының болуы қажет.

Таратылатын банктердің салымшылары зейнетақы шоттарына қаражаттың түскен-түспегенін БЖЗҚ сайты мен мобильдік қосымшасындағы жеке кабинеттен және қызмет көрсету кеңселерінен, немесе азаматтарға арналған Үкімет порталынан тексере алады.

Салымшыларға (алушыларға) ЖЗШ ашу үшін БЖЗҚ-ға арнайы жүгінудің қажеті жоқ. Өйткені, аударылған ЕЗЖ сомасы БЖЗҚ-ға түскенде автоматты түрде ЖЗШ-ға есепке алынады (олар болған жағдайда), болмаған жағдайда ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ БЖЗҚ-ға өтінімсіз тәртіпте (яғни, автоматты түрде), оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен ҚДКБҚ-дан БЖЗҚ-ға кепілдік берілген өтем ақшасы түскенде ашылады.

2022 жылдың 2 мамырында ҚДКБҚ БЖЗҚ-ға келесі сегіз банктің: «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Tengri Bank»АҚ, «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ салымшыларының кепілдік берілген талап етілмеген өтем қаражатын аударды.

Айта кетерлік жәйт, ЕЗЖ есепке алу үшін ЖЗШ-ға аударылған кепілдік берілген талап етілмеген өтем ақша басқа зейнетақы активтері секілді тәртіппен инвестицияланатын болады.

Анықтама: ЕЗЖ есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар келесі тұлғаларда бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетін немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар;

4) ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары бар, БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған зейнетақы жарналары бар тұлғалар.

Естеріңізге сала кетсек, төлем мерзімі өтіп кетіп, талап етілмеген сома БЖЗҚ-ға аударылып қойған жағдайда да салымшыға депозит бойынша өтініш білдіру мүмкіндігі заңнамада көзделген. Ол үшін өтініштің неліктен уақытынан кеш берілгенін түсіндіру қажет, сонда өтініш жеке дара тәртіпте қарастырылатын болады.

Мұндай өтініш төлем мерзімі кезеңінде ҚДКБҚ-дан өтемақы алуға өтініш беруге кедергі келтірген себептің болуын растайтын құжаттар тізбесімен қоса берілуі тиіс, мысалы, әскери қызмет немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде болу, салымшының мұрасын қабылдау және мұраны алумен немесе ашумен байланысты өзге де себептер.

Дата публикации
07 июня 2022
Дата обновления
07 июня 2022
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы