Меню

Страницы

Статья

Лайықты зейнетақыны қалай жоспарлауға болады?

2021 жылдың 24 қыркүйегі

Болашақта лайықты зейнетақыны қалай алуға болады? Зейнетақы жарналарының жүйелілігі – заманауи әлемдік тренд. Неліктен? Өзіңізді қорғауға және барлық шегерімдері жасалатын «адал жалақыны» қалай алуға болады? Осы және көптеген сұрақтарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері «Ашық есік күні» шарасы аясында салымшылармен өткізілетін дәстүрлі кездесу кезінде жауап берді

БЖЗҚ осымен екінші жыл қатарынан өз іс-шараларын виртуалды кеңістікте өткізіп келеді. Коронавирус індеті (Covid-19) салдарынан өкінішке орай, салымшылармен кездесулерді Қор филиалдарында көзбе-көз форматта өткізу мүмкін емес.

Іс-шараға кез-келген адам үйінен шықпай-ақ, онлайн-платформа арқылы қатысып, «Ашық есік күніне» қосыла алды.

Іс-шараның тақырыбы – «Жеке зейнетақы жоспары – жаңа ұрпақтың тренді». Іс-шараның мақсатты аудиториясы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, сондай-ақ, 25 жасқа дейінгі жастар болды.

Бәрімізге белгілі, қазақстандықтардың дәл осы жаңа буыны зейнет жасына жеткенде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарына арқа сүйейтін болады. Осыған байланысты жастар өз болашағы үшін бүгіннен бастап қамдана бастаулары қажет.

Қазақ елі жинақтаушы зейнетақы жүйесі жолының нақ ортасында тұр, қазіргі уақытта жүйеде қаражатты тек 23 жыл ғана жинақтаған салымшылар болуы мүмкін. Осы ретте толық цикл кемінде 40 жыл болуы тиіс. Алайда тарихи және экономикалық факторларға байланысты бұл физикалық тұрғыдан бұған дейін мүмкін болмады. Сондықтан дәл осы жаңа ұрпақтың толық циклден өтіп, 40 жылдан кейін лайықты зейнетақы алуларына мүмкіндіктері бар.

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысқан салымшылар болашақ зейнетақыларын болжамды зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеп, егер зейнетақы шотын тұрақты түрде толтырып отырса, БЖЗҚ-дан алатын төлемдерді едәуір арттыруға болатындығына көз жеткізіп көрді.

Бүкіл ел бойынша өткен іс-шараға жастар көптеп қатысты және олардың әрқайсысы «Ашық есік күнін» өткізудің электрондық форматына ризашылықтарын білдірді. Көпшілігі болашақта жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық артықшылықтарын сезіну үшін еңбек жолын бастаған сәттен-ақ келешектері үшін қомақты қаржы жинауға ниетті екендіктерін жеткізді.

Дата публикации
24 сентября 2021
Дата обновления
24 сентября 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы