Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ шалғайдағы елді мекендердегі қызметтері «Қазпошта» АҚ арқылы кеңейтілді

Трансфер-агенттік қызметтерді енгізу және дамыту мақсатында БЖЗҚ АҚ Қор бөлімшілері жоқ шалғайдағы елді мекендерде «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне «Қазпошта» АҚ-ның 32 бөлімшесін қосымша қосу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Осылайша қазіргі уақытта БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ 347 бөлімшелері арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның ұлттық пошта операторының филиалдарында шалғайдағы елді мекендерде қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобасының арқасында Қор салымшылары (алушылары) келесі операция түрлерін орындай алады:

  • салымшының (алушының) қосымша мәліметтерін өзгертуге (толықтыруға) өтініш беру (жеке куәлік, телефон нөмірі, электрондық пошта мен пошталық мекенжайлар);
  • ақпараттандыру әдісін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде БЖЗҚ АҚ қызметтеріне электронды форматта қол жеткізу үшін).

Жалпы алғанда, 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінде Қор салымшыларына (алушыларына) өткен жылмен салыстырғанда 35%-ға артық қызмет көрсетілді.

БЖЗҚ-ның қосымша деректемелерді өзгерту мен хабарландыру тәсілдері туралы қызметтерін алуға болатын «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тізімін Сіз enpf.kz сайтындағы «Байланыс» бөлімінен таба аласыз.

Бұл ретте біз БЖЗҚ қызметтерінің көпшілігін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т.б., ENPF мобильді қосымшасы мен еnpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болатынын хабарлаймыз.

Дата публикации
10 августа 2021
Дата обновления
10 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы