Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ аймақтық желісіндегі өзгерістер туралы

Өңірлік бөлімшелердің ұтымды ұйымдастырушылық құрылымын құру бойынша жүргізілген жұмыс шеңберінде бизнес-процестерді автоматтандырудың қазіргі деңгейін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ аймақтық желіні қайта құрды.

Жезқазған қаласындағы Өңірлік филиалы жабылып, кейіннен Жезқазған қаласында қызмет көрсету Орталығы құрылды (бұдан әрі — ҚКО) және ол Қарағанды ​​облыстық филиалының құрамына енгізілді.Сәтбаев пен Қаражал қалаларында бұрын Жезқазғанға тиесілі қызмет көрсету орталықтары да енді Қарағанды ​​облыстық филиалына бағынады.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта БЖЗҚ-да 183 қызмет көрсету тірегі бар. Жалпы алғанда, бірінші жартыжылдықта Қор салымшыларына (алушыларға) 1 миллионнан астам қызмет, дәлірек айтқанда, 1 284 489 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 556,4 мың қызметке (немесе 76,4%) көп.

Бұл ретте, БЖЗҚ-дан кейбір қызметтерді, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, мәліметтерді өзгерту және т.б., ENPF мобильді қосымшасы және enpf.kz корпоративтік сайтындағы Жеке кабинет арқылы үйден шықпай-ақ алуға болатынын еске саламыз.

Сонымен қатар, «БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның ұлттық пошта операторының филиалдарында шалғайдағы елді мекендерде қызмет көрсету жөніндегі бірлескен жобасының арқасында Қазпошта бөлімшелерінде Қор салымшылары (алушылары) келесі операция түрлерін орындай алады:

  • салымшының (алушының) қосымша мәліметтерін өзгертуге (толықтыруға) өтініш беру (жеке куәлік, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекен-жайлар);
  • ақпараттандыру әдісін өзгерту (айқындау) туралы келісімге қол қою (оның ішінде БЖЗҚ АҚ қызметтеріне электронды форматта қол жеткізу үшін).

Сіз БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтарының тізімін enpf.kz сайтының «Байланыс» бөлімінен таба аласыз.

Дата публикации
05 августа 2021
Дата обновления
05 августа 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы