Меню

Страницы

Статья

Инвестициялық табыс — зейнетақы жинақтарының маңызды бөлiгi

Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқарушы болып табылады және оларды Инвестициялық декларацияға сәйкес инвестициялайды. Зейнетақы активтерiн инвестициялау үшiн рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзбесiн Үкiмет бекiтедi. Зейнетақы активтерiн инвестициялаудың негiзгi бағыттарын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес айқындайды.

Зейнетақы активтерi БЖЗҚ-ның Ұлттық банктегi инвестициялық шотына орналастырылған. БЖЗҚ салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) зейнетақы жинақтарының дербестендiрiлген есебiн жүргiзедi.

Инвестициялық басқару нәтижелерi және зейнетақы активтерi инвестицияланған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткiштер/Инвестициялық қызмет» бөлiмiнде ай сайын орналастырылады.

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алынған инвестициялық табысты ескере отырып, күн сайын қайта есептейдi және қайта бағалайды. Инвестициялық табыстың шамасы өзгерiп отырады және көптеген факторларға, соның iшiнде инвестициялардың ағымдағы нарықтық құнына және валюта бағамына байланысты болады. Нәтижесiнде инвестициялық табыс ұлғаю жағына да, азаю жағына да өзгеруi мүмкiн. Салымшылардың ЖЗШ-дағы инвестициялық табыстың ықтимал терiс ауытқуы қысқа мерзiмдi кезеңде байқалады және ол уақытша болып табылады. Орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi перспективада инвестициялық табыс, әдетте, оң болады. Сондықтан инвестиция нәтижелерiн бiр жылдан кем емес ұзақ кезеңнiң нәтижелерi бойынша бағалаған дұрыс.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшының enpf.kz БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетiнде, БЖЗҚ мобильдi қосымшасында, egov.kz порталында 24/7 режимiнде қолжетiмдi.

2020 жылы зейнетақы активтерi бойынша инвестициялық табыстылық инфляция 7,5% болған кезде 10,92% құрады. Нәтижесiнде 2020 жылғы нақты кiрiстiлiк 3,42% , ал 2020 жыл iшiнде алынған инвестициялық кiрiс көлемi 1,3 трлн теңгенi құрады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi басталғаннан берi салымшылар алған инвестициялық табыс 5,5 трлн теңгеден асты және зейнетақы активтерiнiң 43% астамын құрады. Жинақталған инвестициялық табыстылық 1998 жылдан бастап (жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жұмыс iстей бастауы) 602,9%, ал жинақталған инфляция 496,65% құрады.

Осылайша 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша өткен 23 жылдағы зейнетақы активтерiнiң нақты (яғни инфляциядан асатын) жинақталған табыстылығы оң сипатта және 106,25% құрады.

Дата публикации
09 февраля 2021
Дата обновления
09 февраля 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы