Меню

Страницы

Статья

Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiнiң нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау тәртiбi

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 12-бабына сәйкес «өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау»

  • Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе лауазымды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып табылуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Жеке немесе заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау мәселелерi бойынша лауазымды тұлғалардың және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдар жазбаша нысанда пошта, электрондық пошта, «Электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы не «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сатып алу басқармасы» КММ кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады,

Шағым еркiн нысанда ресiмделедi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы өзiнiң шағымында мiндеттi түрде көрсетедi:

  1. тегi, аты, әкесiнiң аты;
  2. жауап жiберiлуi тиiс пошталық мекенжайы көрсетiледi;
  3. шағымның мәнiн баяндау;
  4. жеке қолы және күнi көрсетiледi.

Сонымен қатар, шағымға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және өтiнiштiң нәтижесi қоса берiледi. Өзiнiң дәлелдерiн растау үшiн өтiнiш берушi (жеке немесе заңды тұлға) жазбаша шағымға құжаттар мен материалдарды не олардың көшiрмелерiн қоса бередi.

Шағымның екiншi данасы не шағымның көшiрмесi шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады, онда шағымды қабылдайтын тұлға берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын және шағымның қаралу барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамдардың байланыс деректерiн көрсетедi.

Дата публикации
25 января 2021
Дата обновления
25 января 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы