Меню

Страницы

Статья

Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттiк саясаттың құрамдас бөлiгi ретiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл; сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайлар мен мiндеттер аясын кiшiрейту; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды айқындау тиiмдiлiгiн арттыру; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасайтын субъектiлердiң мiнез-құлық дағдыларына әсер ету; сыбайлас жемқорлыққа нөлдiк шыдамдылық атмосферасын құру сияқты мiндеттердi шешуге бағытталған шаралардан тұрады.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендетуге, мемлекеттiк органдардың қызметiне қоғамның сенiмiн арттыруға бағытталған құқықтық, әкiмшiлiк және ұйымдық шаралар және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңына сәйкес келетiн шаралар кiредi. Бүгiнгi күнi сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты iске асыру елiмiздiң басты стратегиялық құжаты — Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатыр және ол мемлекеттiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негiзi болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыру Iс-шаралар жоспарымен қамтамасыз етiледi, онда нақты iс-шаралар мен орындау мерзiмi көрсетiлген.

Барлық мемлекеттiк органдар, ұйымдар, квазимемлекеттiк сектор субъектiлерi және лауазымды тұлғалар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауы мiндеттi.

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сатып алу басқармасы (бұдан әрi — Басқарма) өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасайды және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимылды iске асыру жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыруға қатысады.

Жергiлiктi атқарушы органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер бойынша Мемлекеттiк сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушының функциялары болып табылады.

Басқармада сенiм телефоны орнатылған, ол бойынша сыбайлас жемқорлық фактiлерi туралы хабардар етуге болады және басқармада заңды және жеке тұлғалардың өтiнiмдерi мен өтiнiштерiне арналған жәшiк бар.

Сондай-ақ, басқарма басшылығы апта сайынғы негiзде азаматтарды қабылдайды. Қабылдау уақыты, тәртiбi туралы ақпарат басқарманың ресми интернет-ресурсында орналастырылған және тоқсан сайын ресми баспа басылымдарда орналастырылып тұрады.

Сыбайлас жемқорлық әлдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына, нарықтық экономика құрылысына керi әсерiн тигiзетiнi және елiмiздiң келешекте жалпы дамуына қауiп төндiретiнi бәрiмiзге мәлiм. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимылдың, оны болдырмаудың және қолайлы жағдайларын жоюдың тиiмдi тетiктерi қажет.

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы