Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметкердің имиджі

Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк жылдарында өз әлеуметтiк-экономикалық, мәдениеттiк және саясаттық дамуында елеулi жетiстiкке қол жеткiздi. 2030 жылға дейiнгi Қазақстанның даму Стратегиясында ұзақ мерзiмдi басымдылықтың бiрi кәсiптiк мемлекет құру болып белгiлендi. Бiздiң мемлекеттiң алдында тұрған жоғарғы кәсiби мемлекеттiк қызмет және басқарудың нәтижелi құрылымын құру iсiнде мiндеттердi iске асыру көбiнде мемлекеттiк қызметкердiң кәсiптiлiгiмен жасалады. Осы мәселеде айтарлықтай қадамның бiрi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметкерiнiң оң имиджiн құру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметкердiң имиджiн құрастыру идеологиялық, саясаттық және мәдени аспектiлердi көздейдi. Мемлекеттiк қызметкердiң оң имиджiн құрастыру — күрделi және ұзақ процесс. Мемлекеттiк қызметкердiң имиджiн құрастыру процесi атқарушы билiктiң имидждiк саясатымен тығыз байланысты. Мемлекеттiк қызметкердiң оң имиджiне қойылатын негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының Ар-намыс кодексiнде айқындалған, онда мынау белгiленген: «мемлекеттiк қызметтi атқару қоғам және мемлекет жағынан ерекше сенiм бiлдiруi болып табылады және мемлекеттiк қызметкерлердiң құлықтылық және моральдық-этикалық келбетiне жоғары талап қояды». Мемлекет осы бағытта мақсатты жұмыс атқаратынын атап айтуға болады. ҚР Үкiметiнiң 2007 жылғы 21 қыркүйектегi № 825 қаулысымен 2008-2010 жылдарға мемлекеттiк қызметтiң оң имиджiн құрастыру және бекiту жөнiндегi iс-шаралар жоспары бекiтiлгенiн атап айту жеткiлiктi.

Әлемде мемлекеттiк сектор үнемi қоғам өмiрiнiң назары ортасында тұрады. Бiрақ, мемлекеттiк қызмет саласындағы реформаны, басқару құрылымын бекiту, жетiлдiруi, ең бiр негiзгi тұлға — мемлекеттiк қызметкер — қоғам алдында бiлiктiлiксiз, кеңсешiл, жемқор болу себебiнен жетiстiкке жетпейдi. Қазақстан Президентi Н.Ә.Назарбаев мемлекеттi нәтижелi басқару үшiн мемлекетiк қызметкердiң қандай негiзгi қасиетке ие болу қажеттiлiгiн атады. Бұл — жоғары моральдiк жауапкершiлiк, кәсiптiк бiлiктiлiк, оны тәжiрибе жүзiнде қолдана бiлу, адалдық, белсендi өмiр ұстанымы. Мемлекеттiк қызметтегi әр адам өз жұмысының маңызын бiлу және өз елiнiң патриоты болуы тиiс.

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
25 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы