Басқармада жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiмен жұмысты мемлекеттiк сатып алу мониторингi және әкiмшiлендiру бөлiмi жүргiзедi, осы жұмысты жүзеге асыру үшiн жауапкершiлiк Мемлекеттiк сатып алу мониторингi және әкiмшiлендiру бөлiмiнiң бас маман-iс жүргiзушiсi Меруерт Есiлбайқызы Қожантаеваға жүктеледi (байланыс деректерi: тел. 8 (7152) 70-31-67, e-mail: goszakup.tu@sqo.gov.kz).
Өтiнiштер нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдердi шағымдану тәртiбi «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы заңымен көзделген.
Өтiнiштердi «Электрондық Үкiмет» (осы порталға берiлген сiлтемемен) порталы арқылы беруге болады.
2020 жылғы өтiнiштер бойынша шолу

2020 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сатып алу басқармасына (бұдан әрi — Басқарма) барлығы 22 өтiнiш түстi:
Оның iшiнде:
Заңды тұлғалардың өтiнiштерiнен:
Есептi кезеңде СҚО әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сатып алу басқармасы КММ-не сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiлерi туралы азаматтар мен ұйымдардың шағымдары мен өтiнiштерi түскен жоқ.
Азаматтарға қолайлы болу үшiн басқарманың ресми сайтында-https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ugz?lang «Жиi қойылатын сұрақтар» бөлiмiнде азаматтардың жиi қойылатын сұрақтарына жауаптар орналастырылады.