Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары үшін цифрлық форматта тағы бір жаңа қызмет енгізді

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) өз салымшылары үшін жаңа цифрлық қызметтерді ұсынуын жалғастыруда. Жыл басынан бері әрбір салымшы мен алушының жинақтау тарихындағы негізгі оқиғалар туралы ақпарат беретін Push-хабарламалардың жаңа цифрлық қызметі сәтті іске асырылды. Қазіргі уақытта бұрын іске асырылған зейнетақы жарнасының түскендігі туралы хабарламаларды жіберумен қатар мынадай маңызды оқиғалар бойынша хабарламалар жолдана бастады:

- жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қосылуы, яғни жеке зейнетақы шотының ашылғандығы;

- 18 жасқа толуы;

- зейнет жасына толуы, сәйкесінше, міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығының туындауы;

- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;

- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы төлемін алу құқығының туындауы;

- зейнетақы жинақтарының жеке жоспарын іске асыру мониторингі;

- туған күнмен құттықтау

 Push-хабарламалар - Қор салымшыларына БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы және enpf.kz сайтындғы жеке кабинет арқылы жіберілетін қысқаша мәлімдеме.

            Ұсынылған сервистерді БЖЗҚ мамандары салымшылардың қалауы мен ең көп сұранысқа ие зейнетақы қызметтерін зерделеу негізінде әзірледі. Қордың меншікті сараптау жүйесі (ACRM) арқылы ауқымды көлемдегі деректерді талдау және өңдеу, алушыларды іріктеу, Push хабарламаларды қалыптастырып, жіберу жүзеге асырылады.

            Жыл басынан бері Қордың шамамен 223 мыңға жуық салымшысы маңызды оқиғалар туралы хабарлама алды.

 Хабарламаларды алу үшін салымшылар БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте "Push-хабарламалар" бөлімі арқылы жіберілімге жазылулары қажет.

 "БЖЗҚ" АҚ өз қызметі барысында салымшыларына қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрдайым ұмтылады және цифрлық форматта ұсынылатын сервистер желісін үнемі кеңейтіп отырады. Қазіргі уақытта Қор зейнетақы қызметтерінің 90%-дан астамын онлайн-форматта ұсынады. Салымшылардың сайттағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетте өз шотынан кез келген кезең үшін үзінді көшірме алып, жеке деректемелерін өзгерту, болашақ зейнетақыларының болжамды мөлшерін есептеп, жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударып, Ұлттық Банктің басқаруына қайтару туралы өтініш беруге және тағы басқа да мүмкіндіктері бар.

Дата публикации
20 февраля 2025
Дата обновления
20 февраля 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы