Меню

Страницы

Статья

Жаңа жылда жинақтаушы зейнетақыны арттыру жалғасын таппақ

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жинақтары көлемінің өсуіне, әлеуметтік өлшемдердің жыл сайын артуына және төлемдердің индекстелуіне байланысты жинақтаушы зейнетақысын жаңадан ала бастағандар мен алып жүрген азаматтардың «БЖЗҚ» АҚ-дан (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы төлемдерінің мөлшерін ұлғайту биыл да жалғасын таппақ.

Бәрімізге белгілі, әрбір салымшының жинақтаушы зейнетақысы оның зейнетақы жарналары және жинақталған инвестициялық кірісі есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомасына тікелей байланысты. Зейнет жасына толғанда немесе Әлеуметтік кодексте көзделген өзге де жағдайлар туындған кезде салымшы БЖЗҚ-дан тұрақты төлемдер ала бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан берілетін төлемдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемеге сай, зейнетке шығатын азаматтарға ай сайын жасалатын төлем былай есептеледі: төлем ала бастайтын алғашқы жылы зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының 6,5% төлем мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайынғы төлем зейнетақы төлемдерін индекстеудің 5% мөлшерлемесіне  ұлғайып отырады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан берілетін ай сайынғы төлем республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бұдан әрі - КД) кемінде 70% мөлшерінде жүзеге асырылады (2025 жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі - 46 228 теңге). Қордан берілетін төлемдердің ең жоғары мөлшері шектелмейді және алушының зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты.

Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеп, зейнет жасына толған, олардың пайдасына жиынтығында кем дегенде алпыс ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген адамдар сияқты белгілі бір санаттағы алушылар үшін Әдістемеде ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген. Жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуінен артығын қанағаттандыратын адамдар үшін ең үлкен мәнге ие түзету коэффициенті қолданылады.  

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. Жеке зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болғандықтан, олар азаматтық заңнамада көзделген жалпы тәртіппен мұраға да қалдырылады.

Дата публикации
15 января 2025
Дата обновления
15 января 2025
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы