Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ салымшыларының 2023 жылдың 9 айындағы таза инвестициялық кірісі – шамамен 1,4 триллион теңге

2023 жылдың 9 айында БЖЗҚ салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс шамамен 1,4 трлн теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 652,8 млрд теңгеге немесе 91,1% артық.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 01.10.2023ж. жағдай бойынша сәйкес кезеңдегі инфляциядан ( 7,2%) асып түсіп, 8,89% жетті.

Инвестициялық кіріс бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі кірістерден, қаржы құралдарын нарықтық және валюталық қайта бағалаудан, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістерден және т. б. жинақталады. ҚРҰБ және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) зейнетақы активтерін инвестициялық кіріс алу мақсатында ҚР және шетелдегі экономиканың түрлі секторларының сенімді қаржы құралдарына түрлі валюталарда орналастырады. Инвестициялық портфельді әртараптандыру (инвестициялау құралдары мен нарықтарының алуан түрлілігі) зейнетақы жинақтарының сақталуын және тұрақты табыстылығын қамтамасыз етеді.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2023 жылғы 1 қазандағы инвестициялық кірістілік бүкіл кезеңдегі инфляция 734,08% болғанда, өспелі қорытындымен 806,3% көрсетті.

2014 жылғы 1 сәуірден (зейнетақы активтерін БЖЗҚ-ға біріктіру аяқталған кезеңнен) бастап алынған таза инвестициялық кіріс 2023 жылғы 1 қазанға шамамен 8,3 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған төлемдерді ескеретін болсақ, оның зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі – 37,7%.

 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекет тарапынан берілетін бірегей кепілдік бар. Төлем құқығы басталған кезде салымшының жинақталған кірістілігіне әсер еткен жекелеген кезеңдегі кірістіліктің төмендеуі үшін айырманың өтелуіне де мемлекет кепілдік береді.

 Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінде немесе ұялы қосымшада өзінің инвестициялық кірісін көре алады.

 БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет" бөлімінде жарияланады.

Дата публикации
03 ноября 2023
Дата обновления
03 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы