Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жарналарының міндетті сипаты

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) — бұл агент (жұмыс беруші) БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына төлейтін ақшалай мәндегі еңбекақы мен өзге де кірістердің барлық түрлерінің 10% бөлігі. Бұл ереже еңбек шарты бойынша да, заңды тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша да қызметкерлерге қолданылады.

2023 жылғы 1 шілдеге дейін азаматтардың мынадай санаттары БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге құқылы, бірақ міндетті емес болды:

  • салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар;
  • Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған барлық тұлғалар БЖЗҚ-ға МЗЖ төлеуге міндетті болады. МЗЖ төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы қолма-қол ақшамен не қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорация арқылы жүзеге асырылады. Ол өз кезегінде оны пайдасына осы жарналар аударылатын жеке тұлғалардың бірыңғай тізіміне сәйкес БЖЗҚ-ға аударады.

Бұл шара халықты болашақта лайықты төлемдермен қамтамасыз етуді көздейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту аясын ұлғайтуға ықпал етеді.

Зейнетақы жарналарын төлеуге кімдердің міндетті немесе құқылы екендігі туралы Қордың сайтындағы "Салымшыларға" бөлімінен оқыңыз.

Дата публикации
04 июля 2023
Дата обновления
04 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ.
Пайдалы ақпарат
20 мая 2026
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 9 қазанда № 35238 болып тіркелді.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы