«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік

сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы

 Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 7) тармақшасына, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 17/2  шешіміне сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі                             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен тапсыра отырып коммуналдық меншікті басқару саласындағы функциялар, өкілеттіктер және штат бірліктері берілсін.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 132 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі оның электрондық түрдегі көшірмелері Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Солтүстік Қазақстан облысының

                          әкімі                                     Ғ. Нұрмұхамбетов

Дата публикации
16 октября 2024