Күнделікті ақпарат

Мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес 15.07.2024 жылға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жоспары 314,4 млрд.теңге сомасына жоспардың 117 104 тармағын құрады, оның ішінде 40,8 млрд. теңге сомасына тауарлар, 208,0 млрд. теңге сомасына жұмыстар және 65,5 млрд. теңге сомасына қызметтер.

 Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы 15.07.2024 жылға 106 646,4 млн. теңге сомасына 1 134 конкурстық рәсім жариялады. 103 706 млн. теңге сомасына 1 070 сатып алу бойынша қорытындылар шығарылды, 29,4 млн. теңге сомасына 4 сатып алу қаралуда, ашу мерзімі 2 911,0 млн.теңге сомасына 60 сатып алу басталған жоқ.

Дата публикации
15 июля 2024