Мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес 2024 жылғы 12.07. арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жоспары 313,7 млрд.теңге сомасына жоспардың 115 333 тармағын құрады, оның ішінде 39,7 млрд. теңге сомасына тауарлар, 209,3 млрд. теңге сомасына жұмыстар және 64,7 млрд. теңге сомасына қызметтер.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы 2024 жылғы 12.07. 106 646,3 млн.теңге сомасына 1 130 конкурстық рәсім жариялады. 104 664,7 млн. теңге сомасына 1 070 сатып алу бойынша қорытындылар шығарылды, 21,8 млн. теңге сомасына 2 сатып алу қаралуда, ашу мерзімі 1 959,5 млн.теңге сомасына 58 сатып алу басталған жоқ.