Мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес 02.05.2024 жылға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жоспары 265,9 млрд.теңге сомасына жоспардың 96 724 тармағын құрады, оның ішінде 32,7 млрд. теңге сомасына тауарлар, 174,9 млрд. теңге сомасына жұмыстар және 58,3 млрд. теңге сомасына қызметтер.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы 02.05.2024 жылға 84 908 млн. теңге сомасына 1000 конкурстық рәсім жариялады. 75 826 млн. теңге сомасына 772 сатып алу бойынша қорытындылар шығарылды, 134 млн.теңге сомасына 5 сатып алу қаралуда, ашу мерзімі 8 948 млн. теңге сомасына 223 сатып алу басталған жоқ.