Мемлекеттік сатып алу веб-порталының деректеріне сәйкес 24.04.2024 жылға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің жалпы жоспары 272,1 млрд.теңге сомасына жоспардың 97 060 тармағын құрады, оның ішінде 32,9 млрд. теңге сомасына тауарлар, 179,3 млрд. теңге сомасына жұмыстар және 59,8 млрд. теңге сомасына қызметтер.
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасы 24.04.2024 жылға 83 102 млн.теңге сомасына 955 конкурстық рәсім жариялады. 72 187 млн. теңге сомасына 742 сатып алу бойынша қорытындылар шығарылды, 4 096 млн.теңге сомасына 17 сатып алу қаралуда, ашу мерзімі 6 819 млн. теңге сомасына 196 сатып алу басталған жоқ.