«Қарызсыз қоғам» білім беру жобаксын іске асыру туралы

«Қарызсыз қоғам» білім беру жобаксын іске асыру туралы

Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Қарызымыз қоғам»білім беру жобасының ауқымын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

2024 жылғы 16 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің экономика басқармасының басшысы Қ. С. Қалижановтың төрағалығымен облыс аумағында жобаны іске асыру мәселесі бойынша аудандар және Петропавл қаласының басшылығымен, ауылдық округтер әкімдерімен кеңес өткізілді.

«Қарызымыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға ниет білдіргендердің барлығын оқуға шақырамыз.

Оқу бес күн өтеді. Осы уақыт ішінде Сіз қаржылық тәуелсіздік дағдыларын, отбасылық бюджет аудитін үйренесіз, шығындарыңызды басқарасыз, қаржылық жоспарлауды үйренесіз, өзіңізге тиімді шарттармен кредит таңдайсыз, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысасыз.

Оқыту тегін өтеді.