Меню

Страницы

Статья

Қаңтар - желтоқсан айы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері келесідей

 «2021 жылғы қаңтар-желтоқсандағы СҚО ӘЭД нәтижелері туралы»

Қаңтар-желтоқсан айы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері келесідей көріністе.

МАКРОЭКОНОМИКА

Қаңтар-желтоқсанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 96,2% құрады (17 орын, ҚР – 104,5%).

Өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда негізгі инвестициялар көлемі – 10,1%-ға, өнеркәсіп өндірісі – 5,8%-ға, тұрғын үй салу көлемі – 14,7%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,8%-ға, бөлшек сауда – 100,0%-ға ұлғайды,  ауыл шаруашылығында нақты көлем индексі 87,9% құрады.

Жоғарыда аталған әр саланың жұмыс нәтижесіне толығырақ тоқтағым келеді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнімнің жалпы шығарылымы 895,0 млрд.теңге, нақты көлем индексі - 87,9% (ҚР - 97,6%).

Ауыл шаруашылығының НКИ төмендеуінің негізгі себебі құрғақ ауа-райына байланысты болды.

Бұдан басқа, облысымыз астық егетін өңірлер арасында өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша бірінші орынға ие. Қаңтар-желтоқсанда облыс бойынша өсімдік шаруашылығының НКИ 83,3% құрады (676,9 млрд.теңге).

Мал шаруашылығында жалпы өнімнің 3,2%-ға өсуі қамтамасыз етілді, оның ішінде ет өндіру 1,5%-ға, сүт өндіру 6,2%-ға.

Ет өндірісі бойынша ең жоғары қарқын мына аудандарда тіркелді: Есіл – 7,2%, Тимирязев – 5,5% және Тайынша – 4,3%.

Сүт бойынша:

Облыстың барлық аудандары мен Петропавл қаласында өндірістің өсу қарқыны байқалды.

Жұмыртқа бойынша:

Облыстың барлық аудандарында өсудің оң қарқыны байқалды, Қызылжар және Мамлют аудандарынан басқа, онда өндірістің қысқаруы тиісінше 4,1% және 0,2% құрады, нәтижесінде бұл облыс бойынша жалпы төмендеуге әсер етті. Сонымен қатар, қаңтар айында жұмыртқаның өсімі күтілуде.

Мал басы.

12 айда мал басының өсуі қамтамасыз етілді:

  • ірі қара мал  -3,8% (201,4 мың бас);
  • қой мен ешкі - 3,4% (448 мың бас);
  • шошқа - 7,9% (194,5 мың бас);
  • жылқы - 7,0% (145,2 мың бас);
  • құс - 28,5% (3 996,5 мың бас).

ӨНЕРКӘСІП

Облыстың өнеркәсіптік секторымен 364,7 млрд. теңгеге өнім шығару қамтамасыз етілді, НКИ 105,8% құрады.

Өнеркәсіптік құрылым мынадай көрініске ие.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 6,6%, сумен жабдықтауда  - 23,6%, тау-кен өндіруде - 12,7%.

Жалпы сала бойынша (өнеркәсіп өндірісінде) оң қарқын қалыптасты.

Өнеркәсіп өнімінің көлемін орындамағандар:

  • Мамлют - 23,6%;
  • Ақжар - 14,8%;
  • Есіл - 1,2%%

Өнеркәсіптің негізгі үлесі - 75,3%-ы өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, онда өндіріс көлемі өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 6,6%-ға өсумен 278,1 млрд.теңгені құрады. Оның ішінде машина жасауда 33,0%-ға, жеңіл өнеркәсіпте 2,7 есеге өсті. Тамақ өнімдері өндірісінде де оң өсу қарқыны (0,5%) байқалады.

Сондай-ақ, тоқыма бұйымдары өндірісінің – 7 есе, ағаш және тығын бұйымдарының - 12,4%, қағаз және қағаз өнімдерінің - 16,1% өсім қамтамасыз етілді.

Бұл ретте қарқынның төмендеуі (өңдеу өнеркәсібінде) мына аудандарда байқалады:

  • Мамлют - 25,2%;
  • Ақжар - 19,5%;
  • Есіл - 4,6%;
  • Қызылжар - 2,4%;
  • Айыртау - 1,4%;
  • Ғ. Мүсірепов - 1%.

ҚҰРЫЛЫС

Құрылыс саласында орындалған жұмыстар көлемінің 5,8%-ға (107,1 млрд.теңге) ұлғаюы байқалады.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 12,8%-ға (69 188,9 млн.теңге) ұлғайту есебінен өсімге қол жеткізілді. Ең жоғары өсу қарқыны мына аудандарда қалыптасты: Шал ақын (2,7 есе), Тимирязев (30,9%), М.Жұмабаев (22,5%), Ақжар (18,5%), Аққайың (16,8%).

Теріс қарқын мына аудандарда қалыптасты:

  • Жамбыл;
  • Қызылжар;
  • Уәлиханов;
  • Мамлют;
  • Есіл.

ТҰРҒЫЙ ҮЙ ЕНГІЗУ

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда кәсіпорындар мен халықтың өз қаражаты есебінен жалпы ауданы 351 мың шаршы метр немесе 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 114,7% (ҚР -111,4%) тұрғын үй ғимараттары пайдалануға берілді.

10 аудан мен Петропавл қаласында тұрғын үй енгізуді  ұлғайту  қамтамасыз етілді.

Бұл ретте ең жоғары өсу қарқыны мына аудандарда: Мамлют (1,6 есе), Тимирязев (119,8%), Ғ. Мүсірепов (118,2%), М.Жұмабаев (111,0%), Ақжар (107,9%), Тайынша (107,6%) және Петропавл қаласында (121,1%) қалыптасты.

Аудандардағы қарқынның төмендеуіне байланысты теріс қарқын мына аудандарда қалыптасты:

  • Уәлиханов;
  • Есіл;
  • Шал ақын.

КӨЛІК ҚЫЗМЕТТЕРІ

Жалпы, 2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда көлік қызметтерінің көлемі 102,1%-ға орындалды (ҚР -103,6%).

Жүк тасымалдарының көлемі 60,4 млн.тоннаны немесе 99,0%-ды, жүк айналымының көлемі - 4486,6 млн. ткм немесе 89,2%-ды құрады.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда 140,6 млн. адам немесе 89,5% тасымалданды, жолаушылар айналымы (бағалауды ескере отырып) 737,4 млн. жкм немесе 2020 жылдың тиісті кезеңіне 69,1%-ды құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда өңірге 10,1% өсіммен (өткен жылға қарағанда) 331,9 млрд.теңге инвестиция (негізгі капиталға) тартылды.

Негізгі үлес – 53,0%-ы кәсіпорындардың меншікті қаражатына тиесілі (мемлекеттік бюджеттен инвестициялар 16,9%-ды, банк кредиттері – 3,1%-ды, басқа да қарыз қаражаты - 27,0%-ды құрады).

Инвестициялар құрылымында ең үлкен үлес салмақ ауыл, орман және балық шаруашылығына (48,4%), көлік және қоймалауға (15,1%), жылжымайтын мүлікпен операцияларға (15,0%), өнеркәсіпке (12,1%) келеді.

Жалпы НКИ оң өсімі облыстың 11 ауданында және Петропавл қаласында байқалады.

Ең жоғары өсу қарқыны Шал ақын (2,1 есе), Тимирязев (135,2%), Есіл (127,4%), Ақжар (125,1%) аудандарында байқалады.

Бұл ретте мына аудандарда теріс қарқын қалыптасты: Қызылжар - 24,4%, Тайынша - 7,1%.

Негізгі капиталға салынған жеке инвестициялар көлемі 276,0 млрд.теңгені немесе өткен жылға қарағанда 119,7%-ды құрады.

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялардың үлесі 83,1%-ды құрайды.

Өңірге салынған бюджет қаражатының 1 теңгесіне шамамен 4,9 теңге жеке инвестициялар тартылды.

Бұл ретте Қызылжар ауданында - 14,6%-ға, Тайынша ауданында - 6,2%-ға теріс қарқын қалыптасты.

БӨЛШЕК САУДА 

Бөлшек саудада 282,7 млрд. теңгеге тауарлар сатылды. НКИ-100%.

Жалпы көлемдегі (облыстың бөлшек саудасындағы) ең үлкен үлес салмағы  Аққайың (83,1%) және Уәлиханов аудандарына (80,7%) келеді.

Өсудің оң қарқыны облыстың 10 ауданында және Петропавл қаласында байқалады.

Мына аудандарда төмендеуге жол берілді:

  • Ақжар - 65,4%.
  • Мамлют - 61,2%.
  • Жамбыл - 24,2%.

СЫРТҚЫ САУДА

2021 жылғы қаңтар-қарашада (алдын ала деректер бойынша) облыстың жалпы сыртқы сауда айналымы 811,4 млн. АҚШ долларын құрап, 15,3%-ға ұлғайды (2020 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда). Бұл ретте экспорт 288,7 млн, АҚШ долларына дейін 1,4 есе ұлғайды (негізінен мал және өсімдік өнімдері экспортының 1,3 есе, металдар мен олардан жасалған бұйымдар экспортының 2,4 есе, минералдық өнімдер экспортының 1,6 есе өсуі себебінен), импорт 522,8 млн. АҚШ долларына дейін 6,7%-ға ұлғайды (негізінен азық – түлік тауарлары импортының 17,0%, машиналар мен жабдықтар импортының 17,7% өсуі есебінен).

Анықтама:

2021 жылғы қаңтар-қарашада ЕАЭО елдерімен өзара сауда 476,0 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-қарашадан 15,7%-ға артық. Экспорт 1,7 есе 68,3 млн, АҚШ долларына дейін ұлғайды, импорт 407,7 млн, АҚШ долларына дейін 10,1%-ға өсті.

2021 жылғы қаңтар-қарашада алыс шетелдермен тауар айналымы 335,4 млн, АҚШ долларын құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңінен 14,8%-ға артық. Экспорт 220,4 млн, АҚШ доллары сомасында қалыптасты (1,3 есе өсті), импорт – 115,0 млн, АҚШ доллары (3,7% төмендеді). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты - 105,4 млн. АҚШ доллары.

ЭКОНОМИКАНЫ КРЕДИТТЕУ

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ипотекалық қарыздар нарығында кредиттік салымдардың (2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда) 43,9%-ға (23,6 млрд.теңгеге дейін) өсуі және тұтынушылық кредиттер нарығында 1,7 есе (79,0 млрд. теңгеге дейін) өсуі байқалады.

Банк филиалдарымен тартылған халықтың және заңды тұлғалардың ақша қаражатының көлемі 14,6%-ға (233,7 млрд.теңгеге дейін) ұлғайды.

ЕҢБЕК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ. 

Есепті кезеңде облыста 28 149 адам жұмысқа орналастырылды. 12 054 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды (2021 жылға жоспар - 12 мың т.о.).

Олардың ең көп саны 35,2%-ы ауыл шаруашылығына тиесілі, 25,2% - жеке кәсіпкерлікке, 7% - өнеркәсіпке.

Жұмысқа орналастыру жоспары 105,8%-ға орындалды. Жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жоспардың орындалуы 100,5%-ды құрады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздарды өнімді жұмыспен қамтуға тартудың басымдығын ескере отырып, 2021 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларымен 20 мыңнан астам адам қамтылды.

Жалпы алғанда, халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданып жатқан шаралар жұмыссыздық деңгейінің өсуін тежеуші фактор болып табылады, ол 2021 жылғы 3-тоқсанда 4,8%-ды құрады (2020 жылғы 3-тоқсан-5%).

Дата публикации
08 февраля 2022
Дата обновления
08 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама
16 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кесте бойынша төлеу: төлем мөлшері қалай есептеледі және қайда жүгіну қажет?
09 октября 2026
Түйткілді тақырыптағы сұхбат!

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы