24.02.2020 ж.
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 18 наурызында таңғы сағат 10.00-да Петропавл қаласы, Е.Бөкетов көшесi, 31А «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзедi.
Басты тақырып — «Алғашқы жарнаңызбен — БЖЗҚ-ға қош келдiңiз!».
2019 жылдың қорытындысы бойынша Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында автоматты түрде шамамен 400 мыңдай жеке зейнетақы шоты ашылды. Сондықтан көптеген жаңа салымшылар алдағы «Ашық есiк күнi» шарасы арқылы Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi туралы толыққанды ақпарат алу мүмкiндiгiне ие болады.
Осы шара аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары келушiлерге зейнетақыны жоспарлау, салымшылармен өзара байланысу арналары туралы әңгiмелеп, зейнетақы калькуляторының көмегiмен болашақ зейнетақыны есептеуге көмектесiп, барлық сұрақтар бойынша ақыл-кеңестер бередi.
Шара соңында барлық қатысушыларға бағалау сауалнамасы арқылы өздерiнiң ұсыныстары мен тiлектерiн бiлдiруге мүмкiндiк берiледi.
Тағы да еске саламыз, «Ашық есiк күнi» шарасы Петропавл қаласы, Е.Бөкетов көшесi, 31А мекенжайында өткiзiледi.
24.02.2020 ж.
Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу аясында үстiмiздегi жылдың 18 наурызында Қазақстан бойынша өзiнiң барлық филиалдарында «Ашық есiк күнi» шарасын өткiзедi.
Күн тәртiбiндегi басты тақырып — «Алғашқы жарнаңызбен — БЖЗҚ-ға қош келдiңiз!» деп аталады.
2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға тиiстi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне келудiң қажетi жоқ. Жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен сәтте зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Бiр жыл iшiнде Қорда автоматты түрде 400 мыңдай жаңа зейнетақы шоты ашылды. Сәйкесiнше сол шоттардың иелерi «Ашық есiк күнi» шарасының ерекше қонақтары болмақ.
Филиал мамандары оларға Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi, Қор қызметi туралы әңгiмелеп, зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеу жолдарын үйретiп, зейнетақы шотынан ақпарат алудың заманауи тәсiлдерiн ұсынады.
Аталмыш шараны өткiзудегi басты мақсат — салымшыларға толыққанды ақпарат беру және зейнетақы жүйесi мен Қор қызметтерi бойынша сұрақтарға жан-жақты жауап беру.
Бiз сiздердi Е.Бөкетов 31 А мекенжайында орналасқан БЖЗҚ АҚ Солтүстiк-Қазақстан облыстық филиалының кеңсесiнде күтемiз.
18.12.2019 ж.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердiң зейнетақысы (ЕЭО)
Өмiр болған соң адамдарың мекенжайын ауыстырып тұратыны белгiлi. Бұл көп жағдайда жұмыс орнын ауыстыруға байланысты орын алып, әрине, еңбек қатынастары рәсiмделедi. Сондай-ақ зейнетақымен қамсыздандыру нормалары да қарастырылған. Бұл әсiресе Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕЭО) мүше-елдердiң еңбекшiлерi үшiн өте маңызды. Өйткенi осы елдердiң арасында еңбек миграциясы белсендi түрде жүретiнi белгiлi. ЕЭО-ға мүше-елдер азаматтарының зейнетақы құқығы қалай қалыптасатындығы жайында «БЖЗҚ» АҚ Төлемдердi ұйымдастыру және хабарландыру департаментi директорының орынбасары Гүлмира Кимолаева әңгiмелейдi.
— Гүлмира Кенжебекқызы, ЕЭО елдерi еңбекшiлерiнiң зейнетақымен қамсыздандыру мәселесi қандай құжатпен реттеледi? Бұл құжат ЕЭО елдерi азаматтарына қандай мүмкiндiктер бередi?
— Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-елдердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру — еңбекшi тұрақты өмiр сүретiн мемлекеттiң заңнамасымен және ЕЭО-ға мүше-елдер арасындағы жекелеген мемлекеттiк шартқа сәйкес реттеледi. 2014 жылғы 29 мамырда қабылданған Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 98-бабының 3-шi тармағында осылай делiнген. Шарттың ережелерiн жүзеге асыру мақсатында қазiргi уақытта Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрi — ЕЭО, Одақ) мүше-елдер (Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Армения Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық комиссиямен (бұдан әрi — ЕЭК, Комиссия) бiрлесе отырып, ЕЭО-ға мүше-елдердiң еңбекшiлерiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келiсiм (бұдан әрi — Келiсiм) жобасын әзiрледi. Сондай-ақ ЕЭО-ға мүше-елдердiң уәкiлеттi, құзыреттi органдары мен Комиссия осы Келiсiм нормаларын қолдану бойынша Өзара әрекеттесу тәртiбi (Тәртiп) жобасын әзiрлеуде. Келiсiм еңбекшiлер мен олардың отбасы мүшелерiне қолданылады.
Келiсiм бойынша еңбекшiлер дегенiмiз — осы Одаққа мүше-елдердiң азаматтары. Олардың зейнетақы құқығы Одаққа мүше басқа елдiң аумағында еңбек және басқа да қызметтi жүзеге асыру арқылы қалыптасуы тиiс.
Келiсiмнiң негiзгi мақсаты — зейнетақымен қамсыздандыру саласында тең құқықты қамтамасыз ету. Нақты айтар болсақ, ЕЭО-ға мүше-мемлекет зейнетақымен қамсыздандыру саласы бойынша өз азаматтарына қандай құқық ұсынса, Одаққа мүше басқа елдердiң азаматтарына да дәл сондай дәрежеде құқық беруге мiндеттi болады. Келiсiмнiң тағы бiр көздеген мақсаты — еңбекшiлердiң ЕЭО елдерiнде алған зейнетақы құқықтарын қорғау, еңбекшiлердiң зейнетақысын тағайындау және аудару мәселелерiн шешу, Одақ арасында зейнетақы саласында ынтымақтастықты дамыту.
Одаққа мүше әрбiр ел, азаматқа сол жұмысқа орналасқан мемлекеттегi еңбек өтiлi мен зейнетақы жарналары аударылған кезеңге лайықты зейнетақы төлейдi. Сондықтан еңбекшiлер Одаққа мүше-елдердегi жұмыс берушiлермен еңбек қатынастарын ресми түрде рәсiмдеулерi тиiс. Яғни, қызметкердiң өзге елдегi жұмысы заңды, еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт негiзiнде болуы керек. Зейнетақы құқықтары осылай қалыптасады.
— Одаққа мүше-елдердiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының азаматтары, осы әзiрленiп жатқан Келiсiм аясында зейнетақының қандай түрлерiне үмiт арта алады?
— ЕЭО-ға мүше-елдер тағайындайтын зейнетақы түрлерi Келiсiм жобасының 2-бабында көрсетiлген. Бұл жерде әңгiме осы Келiсiм аясындағы зейнетақы түрлерi жайында болып отыр.
Келiсiм күшiне енген соң ЕЭО азаматтары ЕЭО-ға мүше басқа елдердегi еңбегi бойынша зейнетақы құқығын қалыптастыру, сақтау және жүзеге асыру мүмкiндiгiне ие болады. Ал Одаққа мүше әрбiр ел өзiнiң ұлттық заңнамасы негiзiнде өз аумағында еңбек еткен азаматқа үйлесiмдi зейнетақы төлейдi. Яғни, еңбек мигранты сол елдiң зейнетақы қорына жарна аударып, қаражат жинайды. Кейiн сол елдiң заңнамасы бойынша өзiне тағайындалған зейнетақы төлемдерiн осы елде немесе өзiнiң туған елiне аудару арқылы алады.
Еңбекшiлерге зейнетақы тағайындау және төлеуге арналған құжаттардың тiзiмi Одаққа мүше әрбiр елдiң ұлттық заңнамасы бойынша реттеледi.
Қазақстанда Келiсiм БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру бойынша құқықтық қатынастарға тарайды. Яғни, зейнеткерлiк жасқа толу; 1 және 2 топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiлену; мұрагерлерге бiржолғы төлемдi жүзеге асыру жағдайында қолданылады.
— ЕЭО-ға мүше елдiң азаматы (Ресей Федерациясы немесе Қазақстан) зейнетақы алу құқығын қалай жүзеге асыра алады? Қандай құжаттар жинап, оларды қайда тапсыру керек?
— Мысалы, Ресей азаматы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн Қазақстанда еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша еңбек ететiн болса, ол жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысады. Бұл үшiн ол Қазақстан Республикасының ұлттық зейнетақы заңнамасымен бекiтiлген тәртiпте БЖЗҚ-ға ай сайын мiндеттi зейнетақы жарналарын аударатын болады. Бұл ретте ол өзiнiң зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша зейнет жасына толғанда, 1 және 2 топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан заңнамасы бойынша, яғни, ҚР азаматтарымен тең жағдайда БЖЗҚ-ға (зейнетақы жарналарын және төлемдерiн қалыптастыру бойынша Қазақстандағы құзырлы орган) немесе РФ зейнетақы қорына (өмiр сүрiп жатқан елiнiң құзырлы органы) тиiстi құжаттарды тапсыра алады.
Егер Қазақстанда жұмыс iстейтiн Ресей азаматының банк шоты Ресейде ашылған болса, БЖЗҚ зейнетақыны үш ай сайын Ресейдiң зейнетақы қорына рубльмен аударады. Әрi қарай ресейлiк қор зейнетақыны алушының банк шотына жiбередi.
Егер Қазақстан азаматы Келiсiм күшiне енген соң, Ресей аумағында еңбек өтiлiне ие болса (мысалы, 5 жыл), Ресей Федерациясы өзiнiң зейнетақы заңнмамасының шарты бойынша (зейнет жасына толу, белгiлi бiр еңбек өтiлiнiң болуы, жеке зейнетақы коэффициентiнiң саны) оған осы елдегi нақты еңбек өтiлiне қарай зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы тиiстi өтiнiштi және құжаттар топтамасын Ресейдiң Зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ға тапсыра алады.
Егер оның банк шоты Ресейде емес, Қазақстанда ашылған болса, Ресейлiк қор зейнетақыны үш ай сайын бiздiң Қорға теңгемен аударып отырады. Ал Қор оны әрi қарай алушының банк шотына жiбередi.
— Зейнетақыны тағайындау және төлеу барысында Одаққа мүше елдердiң құзырлы органдары (зейнетақы қорлары) өзара қалай әрекеттеседi?
— Құзырлы органдардың өзара әрекеттесуi жекелеген құжат негiзiнде реттеледi. Ол Келiсiм нормаларын қолдану бойынша өзара әрекеттесу Тәртiбi (бұдан әрi — Тәртiп) деп аталады. Оны қазiр ЕЭО-ға мүше-елдердiң уәкiлеттi, құзыреттi органдары мен Еуразиялық экономикалық комиссия әзiрлеп жатыр.
Тәртiп аясында Еуразиялық экономикалық комиссия уәкiлеттi және құзыреттi органдармен бiрлесiп, тиiстi формулярды дайындауда. Оның құрамында Келiсiм аясында зейнетақыны тағайындауға немесе бұрын тағайындалған зейнетақы бойынша маңызға ие мәлiметтер болады. Құзырлы органдар осы мәлiметтермен өзара бөлiсiп отырады. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссия уәкiлеттi және құзырлы органдармен бiрлесе отырып, Одаққа мүше-елдердiң уәкiлеттi және құзырлы органдарының ақпараттық жүйелерiн осы Комиссияның ақпараттық жүйесiмен өзара ықпалдастыру, сондай-ақ Келiсiм мен Тәртiптiң ережелерiн жүзеге асыру барысында қолданылатын деректердi, құжаттарды, формулярларды электрондық форматқа ауыстыру жұмыстарын жүргiзiп жатыр.
Еуразиялық экономикалық комиссияның бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесiне өткенге дейiн құзырлы органдар мен осы Комиссияның өзара қарым-қатынасы қағаз жүзiнде жүзеге асырылады. Бұл үшiн олар өзара формулярлармен, сондай-ақ зейнетақыны тағайындау және төлеуге қажеттi құжаттармен алмасатын болады.
– Келiсiмге қашан қол қойылады және ол қашан күшiне енедi?
— Келiсiмге Одаққа мүше-елдердiң басшылары осы жылдың желтоқсан айында, ЕЭО-ға мүше елдердiң қол қоюына қажеттi барлық iшкi мемлекеттiк рәсiмдер аяқталған соң барып қол қояды деп жоспарланған. Бұл ретте Келiсiм оны ЕЭО елдерi түгел ратификациялаған соң, күшiне енедi.