2023 жылға арналған
«Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру
Ұлттық экономика министрлігі 50 жобаны (44 ағымдағы, 6 – даму (сумен жабдықтау жөніндегі 3 жоба, мәдениет жөніндегі 1 жоба, 1 - спорт, 1 - білім беру) іске асыруға 2023 жылға жалпы 7 407 993 мың теңге сомасында лимит жеткізді (даму бюджетіне - 1 669 591 мың теңге).
46 ауылдық елді мекенде әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымы бойынша 44 жобаны іске асыруға бағытталатын бюджет қаражатының ең төменгі көлемі (жалпы сипаттағы трансферттер) 5 738 402 мың теңгені құрады, оның ішінде:
ауылдық елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу бойынша 16 жобаға - 2 391 144 мың теңге;
ауылдық елді мекендерде әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым бойынша 28 жобаны іске асыруға - 3 347 258 мың теңге (білім беру 20 жоба – 2 674 308 мың теңге, денсаулық сақтау 3 жоба - 211 426 мың теңге, мәдениет 4 жоба - 268 399 мың теңге, спорт 1 жоба -193 125 мың теңге).
2024-2025 жылдарға ағымдағы шығыстар бойынша бюджет қаражатының көлемі 2023 жылғы лимиттер деңгейінде болжанады – (5 738 402 мың теңге).
«Дипломмен ауылға» жобасы
бойынша ақпарат
Облыста «Дипломмен ауылға» жобасы 2009 жылдан бастап іске асырылуда.
2023 жылдың 1 мамырына аудандар бюджетінен 413 маманға (оның ішінде білім беру саласының 303 маманы, 57 - денсаулық сақтау, 20 - әлеуметтік. қамтамасыз ету, 8 - мәдениет, 6 – спорт, 9 – АӨК, 10 – мемлекеттік қызмет) сомасы 142,5 млн. теңгге көтерме жәрдемақы төленді.
Жобаны іске асыру басталғаннан бері 2009 жылдан бастап - 2023 жылғы 1 мамырға барлығы 6 982 маманға (оның ішінде 5134 – білім беру, 1214 – денсаулық сақтау, 163 - әлеуметтік қамсыздандыру, 140– мәдениет, 103 - спорт, 181 - агроөнеркәсіптік кешен, 47-мемлекеттік қызметші) 1 353,3 млн. теңге сомаға көтерме жәрдемақы берілді.
«Ауыл – Ел бесігі»
жобасы бойынша ақпарат
2022 жылы «Ауыл –ел бесігі» жобасы аясында 41 ауылда 49 жобаны іске асыруға (оның ішінде 1 жоба қаражатты үнемдеу есебінен) ҰҚ, РБ қаражатынан – 5,5 млрд.теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша – 5,4 млрд. теңге немесе 99% игерілді.
Ағымдағы жылы 46 ауылда 50 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 7,4 млрд.теңге (жалпы сипаттағы трансферттер 5,7 млрд. теңге) бөлінді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
«Дипломмен – ауылға!» жобасы
бойынша ақпарат
«Дипломмен — ауылға!" жобасы шеңберінде 2022 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы 872 маманға (оның ішінде 622 — білім беру, 115 – денсаулық сақтау, 43 — әлеуметтік қамсыздандыру, 19 – мәдениет, 12 – спорт, 34 – АӨК, 27 — мемлекеттік қызметші) 267,1 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы төленді.
259 маманға (166 – білім беру саласында, 56 – денсаулық сақтау, 10 – әлеуметтік қамсыздандыру, 3 — мәдениет, 5 – спорт, 13 – АӨК, 6 – мемлекеттік қызметші) жалпы сомасы 1 125,2 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредиттер берілді.
Ағымдағы жылы облыс ауылдарына 546 маманды тарту жоспарлануда. Көтерме жәрдемақы төлеуге – 188,4 млн. теңге жоспарланып отыр, жеңілдетілген кредиттеуге 1 035 млн. теңге бөлінді, бұл 200 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
СҚО әкімдігінің ЭБ сайтына
«Ауыл – Ел бесігі»
жобасы бойынша ақпарат
01.11.2022 ж.
«Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы алғанда неғұрлым қолайлы өмір сүру ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілуде.
Ағымдағы жылы 71 жобаны іске асыруға 7,4 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қор — 5,5 млрд. теңге, жергілікті бюджет — 1,9 млн. теңге.
1 қарашаға жоспар бойынша – 6 млрд. теңге, оның ішінде ҰҚ — 4,7 млрд. теңге, ЖБ – 1,3 млрд.теңге бола тұра, игеру – 5,7 млрд. теңгені немесе 95,5%, оның ішінде ҰҚ – 4,5 млрд. теңге (94,4%), ЖБ — 1,2 млрд. теңге (99,4%) құрады.
СҚО әкімдігінің ЭБ сайтына
«Дипломмен ауылға!»
жобасы бойынша ақпарат
01.11.2022 ж.
«Дипломмен ауылға» жобасына сәйкес ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру үшін әлеуметтік сала мамандарына (бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар), агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер) және ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
1 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу 100 АЕК құрайды (306 300 теңге).
Республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жылдық 0,01%-бен 15 жылға дейінгі мерзімге бюджеттік кредит 1500 АЕК аспайтын сомада (4 594 500 теңге) беріледі.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен айқындалған.
2022 жылғы 1 қарашаға 236 маманға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жалпы 1026,2 млн. теңге сомаға бюджеттік кредиттер берілді (153 – білім беру саласында, 51 – денсаулық сақтау, 10 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 3 – мәдениет, 4 – спорт, 11 – АӨК, 4 – мемлекеттік қызмет).
633 маманға 193,9 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы төленді (448 – білім беру, 85 – денсаулық сақтау, 31 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 14 – мәдениет, 8 – спорт, 28 – АӨК, 19 – мемлекеттік қызмет).
01.05.2022 ж.
«Дипломмен — ауылға!» жобасы бойынша
Жас мамандарды ауылда орнықтыру үшін облыста, жалпы елімізде де 2009 жылдан бастап «Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда.
Жобаға сәйкес ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру үшін әлеуметтік сала мамандарына (бұл білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар), агроөнеркәсіптік кешен мамандарына (агроном, ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер, ветеринариялық техник, зоотехник, инженер-технолог, балық өсіруші, технолог, фермер) және ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.
«Дипломмен ауылға!» жобасына ауылға жұмыс істеу және тұру үшін келген дипломын жаңа ғана оқу орындарының түлектері де, тәжірибесі бар мамандар да қатыса алады.
1 маманға біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу 100 АЕК құрайды (306 300 тг).
Республикалық бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру 15 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,01%-бен, 1500 АЕК аспайтын сомада беріледі (4 594 500 тг).
Маманға әлеуметтік қолдау осы елді мекенде кемінде 3 жыл жұмыс істеу міндеттемесімен ұсынылады.
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген Қағидалармен айқындалған.
Жобаға қатысу үшін таңдалған елді мекенде ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі уәкілетті органға (экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «Электрондық үкіметтің» веб-порталына жүгіну қажет.
Көтерме жәрдемақы алу кезінде өтініш берумен қатар мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
Тұрғын үй құрылысына бюджеттік кредит алу кезінде:
Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берген күні маманға қайтарылады.
Осы жобаның арқасында 2009-2021 жылдар кезеңінде ауылдарға 5697 маман тартылып, бюджет қаражаты есебінен қолдау тапты, олардың барлығына 943,7 млн. теңге сомасында белгіленсін көтерме жәрдемақы төленді (оның ішінде білім беру саласының 4209 маманына, 1042 — денсаулық сақтау, 100 — әлеуметтік қамсыздандыру, 113 — мәдениет, 85 — спорт, 138 — агроөнеркәсіптік кешен, 10 — агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, мемлекеттік қызметшілерге).
Жалпы сомасы 6569,1 млрд.теңгеден астам бюджеттік кредиттер 2380 маманға (оның ішінде 1639 — білім беру саласының мамандары, 473 – денсаулық сақтау, 61 – әлеуметтік қамсыздандыру, 63 — мәдениет, 55 — спорт, 85 – агроөнеркәсіптік кешен, 4 – мемлекеттік қызметшілер) берілді.
Ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну арқылы облыстың ауылдарына 506 маманды тарту жоспарлануда, жеңілдікті кредиттеуге республикалық бюджеттен 303 маманға қаражат бөлінді.
Оның ішінде ағымдағы жылдың 4 айында аудандардың деректері бойынша 305 маманға (оның ішінде 224 білім беру саласының мамандарына, 37 денсаулық сақтау саласының мамандарына, 13 әлеуметтік қамтамасыз ету, 6 – мәдениет, 7 — спорт, 10 – АӨК, 8 – мемлекеттік қызметшілерге) 93,4 млн.теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленді.
Бүгінгі таңда ауылдағы әлеуметтік-экономикалық өмір жақсы жаққа тез өзгеруде.
Жас мамандардың алдында үлкен перспективалар ашылып, оларды күтіп отыр және барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуге дайын.
Ауылға келген мамандарға жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасалып жатыр. Ауылда жұмыс істеу — жақсы өмір мектебі. Ауылда көп нәрсені үйренуге, әріптестерінен тәжірибе жинауға болады.
Ауылдарда мамандарды лайықты жалақысымен тұрақты жұмыс, мансаптық өсу перспективалары, жеке баспанаға ие болу және өз отбасын құру мүмкіндіктері күтіп тұр.
«Ауыл — Ел бесiгi» жобасын iске асыру
«Ауыл — Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, ауыл тұрғындарының әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және тұтастай алғанда неғұрлым қолайлы өмір сүру ортасын құру бойынша бірқатар міндеттер шешілуде.
2019-2021 жылдар кезеңінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 62 АЕМ-де 119 жобаны іске асыруға 17,2 млрд.теңге (РБ – 15,9 млрд.теңге, ЖБ — 1,3 млрд.теңге) бөлінді.
Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жақсарды: 34 білім беру объектісі, 10 денсаулық сақтау объектісі, 9 мәдениет объектісі жөнделді, 2 ауылда сумен жабдықтаудың таратушы желілері салынды, бұл 14,7 мың ауыл тұрғынын сапалы сумен жабдықтауға қол жеткізуге мүмкіндік берді, 37 ауылда 244,0 км жол жөнделді.
Ағымдағы жылы 41 ауылда 48 жобаны іске асыруға (23 тірек, 13 спутниктік, 5 шекара маңы) 6,3 млн.теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қор мен республикалық бюджеттен — 5,5 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен — 0,8 млн. теңге.
21 білім беру объектісін, 3 денсаулық сақтау объектісін, 8 мәдениет объектісін жөндеу, орталық қазандықтың (Новоишимка а.) және 11 км жылу желілерінің (Бескөл а.) құрылысы, халқының саны 5 мың адамнан асатын 3 ауылда 49 км электр желілерінің құрылысы жоспарланып отыр, 11 АЕМ-де 130 км кентішілік жолдар жақсарады.