Байланыс ақпараты
150011, CҚО, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы көш., 58
Е-пошта: pr@ue.sko.kz, ekonomika@ue.sko.kz
Тел.: 46-35-62.
Басқарманың жұмыс режимi, оның мiндеттерi мен функциялары
Басқарма миссиясы: Солтүстiк Қазақстан облысында ұлттық экономикалық саясаттың iске асырылуын салааралық және өңiрiшiлiк үйлестiру.
Мiндеттерi:
мына салаларда мемлекеттiк саясатты iске асыру:
- стратегиялық жоспарлау;
- ауылдық аумақтарды дамыту;
- жергiлiктi инвестициялық жобаларды қалыптастыру;
- мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк;
- сыртқы экономикалық және шекаралас ынтымақтастық;
- халықтың өсiмiн молайту;
- Басқармаға жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.
Функциялары:
- бесжылдық кезеңге арналған Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;
- департаменттермен және салалық басқармалармен бiрлесiп, бесжылдық кезеңге арналған Солтүстiк Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын әзiрлеу, түзету және мониторинг жасау;
- аудандардың, Петропавл қаласының экономика бөлiмдерiнiң жергiлiктi атқарушы органдарымен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу бойынша қызметтерiн үйлестiру, әдiснамалық басшылық ету;
- облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;
- аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;
- департаменттермен және салалық басқармалармен бiрлесiп, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнiндегi дағдарысқа қарсы iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және ақпарат дайындау;
- Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнiндегi дағдарысқа қарсы iс-қимыл жоспарының iске асырылуына мониторинг жасау және ақпарат дайындау;
- облыс елдi мекендерi өсiмiнiң кемуi проблемаларын шешу жөнiндегi кешендi жоспарды әзiрлеу және мониторинг жасау, оны iске асыру жөнiндегi есептер дайындау;
- аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму серпiнi мен деңгейiне өңiрiшiлiк талдау жүргiзу (әкiмдер рейтингi);
- Ұлт жоспары — 100 нақты қадамның iске асырылуына мониториг жасау және ақпарат дайындау;
- Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық паспортын қалыптастыру;
- Қазақстанның әлемнiң ең дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру бойынша 2014-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыру барысы туралы ақпарат дайындау және мониторинг жасау;
- Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Премьер-Министр Кеңсесiне, Ұлттық экономика министрлiгiне және облыс әкiмiнiң аппаратына облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпарат дайындау;
- концессиялар саласындағы құжаттарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселесi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тарту;
- жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргiзу үшiн құжаттар, соның iшiнде жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлға жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын түзетiлген бюджеттiк инвестициялар, сондай-ақ, жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлетiн трансферттер есебiнен техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi және қаржы агенттiктерiнiң инвестициялық саясатты iске асыруын талап ететiн бюджеттiк инвестициялық жобалар жiберу;
- концессиялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру, әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiне, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына қажеттi сараптама жүргiзу, бөлiнетiн тиiстi бюджеттiк бағдарламалар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын коцессиялық жобаларды консультативтi сүйемелдеу;
- орта мерзiмдi кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру және бекiту;
- бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттiк инвестицияларды iске асыруды бағалау және мониториг жүргiзу;
- мемлекеттiк инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды дайындау және қарау;
- Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау туралы ақпарат дайындау;
- жақын және алыс шетелмен ынтымақтастық туралы ақпарат дайындау;
- Солтүстiк Қазақстан облысының шекара маңы аудандарын дамыту жөнiндегi 2014-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыру туралы ақпарат әзiрлеу, түзету, дайындау;
- Жақын және алыс шетелмен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасау жөнiнде ұсыныстар дайындау;
- Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия отырыстарының хаттамаларын орындау туралы ақпарат дайындау;
- «2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту» бағдарламасын iске асыру бойынша жиынтық ақпарат дайындау;
- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын iске асыру жөнiндегi жалпы ұлттық жоспарды орындау барысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;
- облыстың және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту мәселесi жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру, әдiснамалық басшылық ету;
- облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн жүргiзу;
- әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен, орташа және жоғары ауылдық елдi мекендердiң тiзбесiн айқындау;
- аудан орталықтарын, тiрек ауылдық елдi мекендердi дамытудың кешендi жоспарларын және ауылдық округ орталықтарын дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және түзетуге жәрдем көрсету;
- аудан орталықтарын және тiрек ауылдық елдi мекендердi дамытудың кешендi жоспарларының, ауылдық округтер орталықтарын, басқа да даму әлеуетi жоғары және орташа ауылдық елдi мекендердi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларының iске асырылуына мониторинг жасау;
- өз құзыретi шегiнде ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру;
- Президент Әкiмшiлiгiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдардың, облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындау;
- бухгалтерлiк есеп және есептiлiк, кадрлық-құқықтық жұмыс, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi жүргiзу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Басқармада жұмыс уақыты режимi — 9.00-ден-18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс — 13.00-ден-14.30-ға дейiн.