Ағымдағы жылы «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдікпен кредит беру үшін 1 107,2 млн. теңге бөлінді, бұл 109 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит15 жылға жылдық 1% сыйақы мөлшерлемесімен беріледі;
облыс орталықтарында тұрғын үй сатып алатын мамандарға (2500 АЕК-ке дейін) – 10 812 500 теңге;
ауылдық елді мекендерде тұрғын үй сатып алатын мамандарға (2000 АЕК-ке дейін) – 8 650 000 теңге.
Аудандық бюджеттен 548 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 237 млн. теңге қарастырылған.
2026 жылғы 1 шілдеге 365 маманға 157,9 млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы төленді (оның ішінде 275 білім беру саласының мамандарына, 48 - денсаулық сақтау, 8 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 4 – мәдениет, 3 - спорт, 19 – АӨК, 8 - мемлекеттік қызметші).