Өнеркәсіп. 2024 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 40 503,5 млн. теңге сомасына өнім шығарды, НКИ - 97%.
Өнеркәсіптік өндіріс құрылымында ең көп үлесті алатын өңдеу өнеркәсібінде (74,5%), 2024 жылғы қаңтарда 30 183,4 млн. теңгеге өнім өндірілді НКИ - 96,7%.

2024 жылғы қаңтарда тамақ өнімдерін өндіру 20 658,3 млн. теңгені құрады, етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру 17,3% ұлғайды.
Өңдеу өнеркәсібі көлемінің 17,5% алып жатқан машина жасау саласында 5 293,2 млн. теңге сомасына өнеркәсіптік сипаттағы өнімдер өндірілді және қызметтер көрсетілді, бұл 2023 жылғы қаңтардағы көлемнен 1,8% артық.
Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 419,7 млн. теңгеге өнім өндірілді, өзге де металл емес минералды өнімдер 97,3 млн. теңгеге шығарылды, НКИ - 52,6%.
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау саласында 2024 жылғы қаңтардағы көлем 7 810,3 млн.теңгені құрады, НКИ - 99%.
«Сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет» саласында қаңтар айында өндіріс көлемі 1 322 млн. теңгені құрады, НКИ - 97,9%.
ИБК шеңберінде (2022 жылдан бастап) 1,5 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, 254,2 млрд. теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарланған.
Ауыл шаруашылығы. 2024 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өндіріс көлемі 14 165,2 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі 2023 жылғы қаңтар айының деңгейіне 100,7%.
Ет өндірісі (тірідей салмақта) 7,1 мың тоннаны құрады немесе 2023 жылғы қаңтар айының деңгейіне қарай, 88,9%.
|
Сүт – |
18,8 |
мың тонна |
(103,3%); |
|
Жұмыртқа – |
42 |
млн. дана |
(96,7%). |
2024 ж. 01.02. шаруашылықтардың барлық санаттарында мал басы мынаны құрады:
|
ІҚМ - |
295 |
мың бас |
(93,2%); |
|
|
с.і. сиыр - |
146,2 |
мың бас |
(106,5%); |
|
|
қой - |
349,3 |
мың бас |
(95,6%); |
|
|
ешкі - |
8,6 |
мың бас |
(91,2%); |
|
|
жылқы - |
134,5 |
мың бас |
(99,5%); |
|
|
шошқа - |
114,8 |
мың бас |
(107%); |
|
|
құс - |
3 602,5 |
мың бас |
(118%). |
|
Кәсіпкерлік.
2024 жылғы 1 ақпанда облыста базарлардағы шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 35 299 бірлікті құрады.
Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлімет бойынша 2023 жылғы қаңтар- желтоқсан облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 741,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңге 1,2 есе өсу, соның ішінде тауарларды экспорттау – 377,2 млн. АҚШ доллары (3,7% ұлғаю), импорт – 364,5 млн. АҚШ доллары (1,4 есеге ұлғаю). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң қалыптасты және 12,7 млн. АҚШ долларын құрады.
Экспорт бойынша негізгі әріптестері: Ауғанстан (барлық экспорт көлемінің 28,5%), Қытай (9,8%), Өзбекстан (23,2%), Польша (5,7%).
Экспорттық жеткізулерде айтарлықтай үлесті келесі тауарлық топтардың өнімдері алады: «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» - барлық экспорт көлемінің 89,3%-ы немесе 336,7 млн. АҚШ доллары.
Импорттық өнімнің жетекші жеткізушілері: Қытай (импорттың барлық көлемінен 13,1%), Германия (41,3%), Италия (2,2%), Түркия (5,3%), АҚШ (3,4%).
Импорттық жеткізулердің құрылымында негізгі үлесті келесі тауарлық топтардың өнімі алады: «Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құралдар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемінің 77,7%-ы немесе 283,2 млн. АҚШ доллары), Химия өнеркәсібінің және оған байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдері» (8,8 %-ы немесе 32,0 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсімдік өнімі, дайын азық-түлік тауары» (5,2 %-ы немесе 19,0 млн. АҚШ доллары), «Металлдар мен одан жасалған бұйымдар» (4,9%-ы немесе 17,8 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала мәліметтері бойынша 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше - мемлекеттермен өзара сауда - саттық көлемі 638,4 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан салыстырғанда 8,7%-ға артық, соның ішінде импорт – 503,9 млн. АҚШ доллары (6,0%-ға артық), экспорт – 134,5 млн. АҚШ доллары (1,2 есе ұлғайту).
Негізгі капиталға инвестициялар.
2024 жылғы қаңтар айында негізгі капиталға инвестициялар көлемі 13 882,4 млн. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 80% құрады.
Инвестицияларды қаржыландыру көздері болып: кәсіпорындар, ұйымдар мен тұрғындардың меншікті қаражаты (жалпы көлемнен 72,5%), мемлекеттік бюджеттен (3,8%), кредиттері (5,4%) және басқа қарыздық қаражат (18,3%) табылады.
Негізгі капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар болып ауыл, орман және балық шаруашылығы (39,8%), көлік және қоймалау (9%), өнеркәсіп (42,8%).
Тұрғын үй құрылысы. 2024 жылғы қаңтарда облыс аумағында жалпы ауданы 2 587 ш. м тұрғын үй енгізілді, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңге 136,7% құрайды.
Сумен жабдықтау. "Күшті өнірлер" ұлттык жобасы аясында - 2024 жылы елдің даму драйвері көзделген:
- сумен жабдықтау және су бұру объектілерін салуға жэне реконструкциялауға -10 422,0 млн. теңге (ҰҚ - 6 535,1 млн.теңге, РБ-2 492,8 млн. теңге ЖБ - 1 394.1 млн. теңге).
Ауыз су беру женіндегі қызметтердіңн құнын субсидиялауға ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жуйелерінің - 3 629,0 млн.теңге.
Сумен жабдықтаудың таратушы желілерін қалпына келтіруге (объектілерді ағымдағы жөндеуге) 121,4 млн.теңге бөлінді. Суды тазарту жуйесі бар кешенді блок-модульдерді орнатуға және сатып алуға 598,4 млн.теңге белінді.
Құрылыс және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыруға топтық су қубырларына 12 674,8 млн. теңге бөлінді.
Әлеуметтік қорғау. 2024 жылғы қантар өкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздар саны 3605 адамды құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 17,2%-ға төмен. Экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 1,3 пайызды құрады, бұл 2023 жылғы сәйкес деңгейде 0,2%-ға төмен.
2024 жылғы 1 ақпанына 510 жаңа тұрақты жұмыс орыны құрылып, 1682 адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді. Қоғамдық жұмыстарға 633 адам жіберілді.
2024 жылғы 1 ақпандағы 2745 азаматқа 39,5 млн. теңге сомада атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.
Денсаулық сақтау. «Денсаулық сақтау» саласы бойынша нақтыланған жылдық жоспар 12 млрд. 990,9 млн. теңгені құрады, 2024 жылғы 1 ақпан жоспарындағы 56,4 млн.теңгеден 56,3 млн. теңге немесе 99,8 % игерілді, оның ішінде:
- денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеуге жылдық жоспар – 1 млрд 167,8 млн. теңге (ЖБ – 1 млрд. 167,8 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;
- материалдық-техникалық базаны нығайтуға жылдық жоспар – 5 млрд. 127,6 млн. теңге (ЖБ – 5 млрд. 127,6 млн. теңге), есепті кезеңге жоспар қарастырылмаған;
- 2024 жылға денсаулық сақтау объектілерін дамытуға барлығы 2 млрд. 890,5 млн. теңге бөлінген, оның ішінде:
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 346,7 млн.теңге сомасында, оның ішінде:
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында денсаулық сақтау объектілеріне (ФАП, МП) инженерлік желі өткізуге жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу - 49,8 млн. теңге. 2024 жылғы 1 ақпан жоспарындағы 25 млн. теңге қаражат толығымен игерілді;
Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Иванов ауылдық округі Ивановка ауылы 9 май көшесі, 6-құрылыс мекенжайында орналасқан медициналық пунктті салу – 190,8 млн. теңге;
Мамлют ауданы Новомихайлов ауылдық округі Мамлют ауданы Новомихайловка ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті салу (сыртқы инженерлік желі) - 19,6 млн. теңге;
СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) – 64,5 млн. теңге;
СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) - 22 млн. теңге;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен 2 млрд. 543,8 млн. теңге, оның ішінде:
СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (қосымша) - 2 млрд 360,7 млн. теңге;
СҚО Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана салу (жылумен жабдықтаудың сыртқы желісі және электрмен жабдықтау желісі) - 183,1 млн. теңге.
«Білім» саласына 2024 жылға 165 625,5 млн. теңге қарастырылды.
2024ж. 01.02 жоспардағы 9 308,8 млн. теңгеден игерілу 9 289,6 млн. теңгені немесе 99,8% құрады.
Барлығы 2024 жылға білім беру объектілерін дамытуға 12 655,4 млн. теңге бөлінді, оның ішінде:
Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен – 643,8 млн. теңге.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 643,8 млн. теңге.
ҚР Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен – 6 981,8 млн. теңге.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 5029,8 млн. теңге.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Ә. Досмұхамбетов көшесі – Ухабов көшесі бойында 140 орындық балабақша салу». Түзету – 1113,4 млн.теңге. Есепті кезең жоспарындағы 298,1 млн. теңгеден игерілу 100%-ды құрады.
- «СҚО Петропавл қаласында Н. Назарбаев (Мир) көшесі бойында 280 орындық балабақша салу» (түзету) – 1971,6 млн.теңге.
- Мағжан Жұмабаев ауданы Возвышенка ауылы Ленин көшесі, 38 мекенжайындағы ғимаратты балабақша етіп реконструкциялау – 844,2 млн. теңге.
- «СҚО Петропавл қаласы Жұмабаев көшесі мекенжайындағы «М. Қозыбаев атындағы СҚМУ» ШЖҚ РМК әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу (сыртқы желі) – 36,0 млн. теңге.
- Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әрқайсысы 600 орындық екі студенттік жатақханасын салу – 1064,7 млн. теңге.
Білім беру объектілерінің күрделі шығыстарына 9501,1 млн. теңге бөлінді.
|
Мектептер саны |
465 |
458 |
98,5% |
Қосымша
Ауыл шаруашылық өнiмдерінің негізгі түрлерін өндiру
|
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2022 жыл |
Қаңтар-желтоқсан 2023 жыл |
Қаңтар |
2024 ж. 2023 ж. % |
|
|
2023 жыл |
2024 жыл |
|||||
|
Ет, тірі салмағы |
мың тонна |
105,5 |
112,1 |
8,1 |
7,2 |
88,9 |
|
Сүт |
мың тонна |
635,2 |
669,5 |
16,2 |
18,8 |
116,3 |
|
Жұмыртқа, барлығы |
млн. дана |
553,2 |
680 |
43,4 |
42 |
96,7 |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2024 жылғы қаңтар айы бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандарға шаққанда 2024 жылғы қаңтар айы бойынша өнеркәсіп өнімінің нақты көлемінің индексі
