«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

Облыс әкiмдiгiнiң
2016 жылғы «31» мамырдағы
№ 194 бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика басқармасы»
коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы
ереже

Петропавл қаласы, 2016 жыл

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Басқарма) стратегиялық жоспарлау, ауылдық аумақтарды дамыту, жергiлiктi инвестициялық жобаларды қалыптастыру, халық өсiмiн молайту саласында басшылық етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма коммуналдық мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

5. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлерiмен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Басқарма құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: 150011, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесi, 58.

9. Мемлекеттiк мекеменiң толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң экономика басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарма қызметiн қаржыландыру облыстық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

12. Басқарманың Басқарма функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттiк органының миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Басқарма миссиясы: Солтүстiк Қазақстан облысында ұлттық экономикалық саясаттың iске асырылуын салааралық және өңiрiшiлiк үйлестiру.

14. Мiндеттерi:

мына салаларда мемлекеттiк саясатты iске асыру:

1) стратегиялық жоспарлау;

2) ауылдық аумақтарды дамыту;

3) жергiлiктi инвестициялық жобаларды қалыптастыру;

4) мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк;

5) сыртқы экономикалық және шекаралас ынтымақтастық;

6) халықтың өсiмiн молайту;

7) Басқармаға жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

15. Функциялары:

1) бесжылдық кезеңге арналған Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын әзiрлеу;

2) департаменттермен және салалық басқармалармен бiрлесiп, бесжылдық кезеңге арналған Солтүстiк Қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасын әзiрлеу, түзету және мониторинг жасау;

3) аудандардың, Петропавл қаласының экономика бөлiмдерiнiң жергiлiктi атқарушы органдарымен стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзiрлеу бойынша қызметтерiн үйлестiру, әдiснамалық басшылық ету;

4) облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;

5) аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және мониторинг жасау;

6) департаменттермен және салалық басқармалармен бiрлесiп, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнiндегi дағдарысқа қарсы iс-қимыл жоспарын әзiрлеу және ақпарат дайындау;

7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2016-2018 жылдарға арналған экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнiндегi дағдарысқа қарсы iс-қимыл жоспарының iске асырылуына мониторинг жасау және ақпарат дайындау;

8) облыс елдi мекендерi өсiмiнiң кемуi проблемаларын шешу жөнiндегi кешендi жоспарды әзiрлеу және мониторинг жасау, оны iске асыру жөнiндегi есептер дайындау;

9) аудандардың және Петропавл қаласының әлеуметтiк-экономикалық даму серпiнi мен деңгейiне өңiрiшiлiк талдау жүргiзу (әкiмдер рейтингi);

10) Ұлт жоспары — 100 нақты қадамның iске асырылуына мониториг жасау және ақпарат дайындау;

11) Солтүстiк Қазақстан облысының әлеуметтiк-экономикалық паспортын қалыптастыру;

12) Қазақстанның әлемнiң ең дамыған 30 мемлекетiнiң қатарына кiруi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру бойынша 2014-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыру барысы туралы ақпарат дайындау және мониторинг жасау;

13) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне, Премьер-Министр Кеңсесiне, Ұлттық экономика министрлiгiне және облыс әкiмiнiң аппаратына облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы ақпарат дайындау;

14) концессиялар саласындағы құжаттарға сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселесi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тарту;

15) жергiлiктi бюджеттiк инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргiзу үшiн құжаттар, соның iшiнде жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен заңды тұлға жарғылық капиталына мемлекеттiң қатысуы арқылы iске асыруға жоспарланатын түзетiлген бюджеттiк инвестициялар, сондай-ақ, жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның республикалық және жергiлiктi бюджеттерден берiлетiн трансферттер есебiнен техникалық-экономикалық негiздеме әзiрлеудi және қаржы агенттiктерiнiң инвестициялық саясатты iске асыруын талап ететiн бюджеттiк инвестициялық жобалар жiберу;

16) концессиялық жобалар тiзбесiн қалыптастыру, әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, бюджеттiк инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемесiне, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларына қажеттi сараптама жүргiзу, бөлiнетiн тиiстi бюджеттiк бағдарламалар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын коцессиялық жобаларды консультативтi сүйемелдеу;

17) орта мерзiмдi кезеңге концессияға беруге ұсынылатын объектiлер тiзбесiн қалыптастыру және бекiту;

18) бюджеттiк инвестициялық жобалар және бюджеттiк инвестицияларды iске асыруды бағалау және мониториг жүргiзу;

19) мемлекеттiк инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды дайындау және қарау;

20) Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы ұзақ мерзiмдi экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындау туралы ақпарат дайындау;

21) жақын және алыс шетелмен ынтымақтастық туралы ақпарат дайындау;

22) Солтүстiк Қазақстан облысының шекара маңы аудандарын дамыту жөнiндегi 2014-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын iске асыру туралы ақпарат әзiрлеу, түзету, дайындау;

23) Жақын және алыс шетелмен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасау жөнiнде ұсыныстар дайындау;

24) Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссия отырыстарының хаттамаларын орындау туралы ақпарат дайындау;

25) «2020 жылға дейiн өңiрлердi дамыту» бағдарламасын iске асыру бойынша жиынтық ақпарат дайындау;

26) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын iске асыру жөнiндегi жалпы ұлттық жоспарды орындау барысы туралы жиынтық ақпарат дайындау;

27) облыстың және аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарының ауылдық аумақтарды дамыту мәселесi жөнiндегi қызметтерiн үйлестiру, әдiснамалық басшылық ету;

28) облыстың ауылдық елдi мекендерiнiң әлеуметтiк-экономикалық даму мониторингiн жүргiзу;

29) әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi төмен, орташа және жоғары ауылдық елдi мекендердiң тiзбесiн айқындау;

30) аудан орталықтарын, тiрек ауылдық елдi мекендердi дамытудың кешендi жоспарларын және ауылдық округ орталықтарын дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлеуге және түзетуге жәрдем көрсету;

31) аудан орталықтарын және тiрек ауылдық елдi мекендердi дамытудың кешендi жоспарларының, ауылдық округтер орталықтарын, басқа да даму әлеуетi жоғары және орташа ауылдық елдi мекендердi дамыту жөнiндегi iс-шаралар жоспарларының iске асырылуына мониторинг жасау;

32) өз құзыретi шегiнде ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсiп кешенi мамандарын әлеуметтiк қолдау шараларын iске асыру;

33) Президент Әкiмшiлiгiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң, орталық атқарушы органдардың, облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң тапсырмаларын орындау;

34) бухгалтерлiк есеп және есептiлiк, кадрлық-құқықтық жұмыс, әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi жүргiзу;

35) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

16. Құқықтары мен мiндеттерi:

Басқарма қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу;

облыс әкiмiне облыс дамуының мақсаттары, басымдықтары және стратегиясы жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

жергiлiктi атқарушы және өзге де органдардан, ведомстволардан өз құзыретi шегiнде қажеттi ақпарат сұрату және алу;

облыстық әкiмдiктiң және мәслихаттың, облыстық және өзге де атқарушы органдар алқаларының отырыстарына қатысу;

Басқармаға жүктелген мiндеттердi және функцияларды орындау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

17. Басқарманы басқару Басқармаға жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

18. Басқарманың бiрiншi басшысы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

19. Басқарманың бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20. Басқарманың бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

басқарманың жұмысын ұйымдастыру және басқаруы;

қаржылық–экономикалық процесстердi басқару;

бюджеттiк инвестицияларды жоспарлау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;

мемлекеттiк және өңiрлiк бағдарламаларды iске асыру;

орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелердiң мiндеттемелерi мен өкiлеттiктерiн айқындау;

басқарма қызметкерлерiн қызметке тағайындау және қызметтен босату;

басқарма қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза салу мәселелерiн шешу;

басқарманың бұйрықтарына қол қою, басқарма қызметкерлерiнiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар беру;

басқарманы мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда ұсыну;

басқарма құрылымын бекiту;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

Басқарманың бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бiрiншi басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

22. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

23. Басқарманың бiрiншi басшысы басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оны басқарады, мыналарға дербес жауапкершiлiкке ие:

1) Басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуына;

2) оның өз функцияларын жүзеге асыруына;

3) басқарма қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына;

4) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге.

24. Басқарма құрылымын басшы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлiмшелер (бөлiмдер) қалыптастырады.

25. Құрылымдық бөлiмшелердi (бөлiмдердi) басқарманың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын олардың басшылары басқарады.

26. Басқарма қызметкерлерi Басқарманың бiрiншi басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады.

27. Басқарма қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттары мен еңбекақы мөлшерi Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасына сәйкес айқындалады.

28. Басқарманың зейнет жасына жеткен қызметкерлерiн зейнетақымен қамтамасыз ету қолданыстағы мемлекеттiк қызмет және зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

29. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

Басқарма мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ, өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

30. Басқармаға бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

31. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, Басқарманың өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

32. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Басқарманың мүлкiн таратылғаннан кейiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

34. Басқарманың ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

35. Басқарманың филиалдары мен өкiлдiктерi жоқ.

6. Жұмыс режимi

36. Басқарма мен уәкiлеттi орган арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады және реттеледi.

37. Басқарма әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

38. Басқарма қызметкерлерiнiң жұмыс режимi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген тәртiпте бiрiншi басшы бекiтетiн iшкi еңбек тәртiбiнiң қағидаларында айқындалады.

Басқарма өз қызметінде нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады, ол мәтін Нормативтік құқықтық актілер бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
13 мая 2020