
2025 жылғы 26 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы базасында Дін істері басқармасы басшысы Р. И. Қасенова тұлғасында СҚО бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, «Демеу» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығы ЖКМ Ж.С. Саттарова тұлғасында арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты ұзақ мерзімді серіктестік қатынастар жүйесін дамыту болып табылады.Меморандум шеңберінде ағымдағы жылы әртүрлі мақсатты аудиторияларда дінаралық диалогты, конфессияаралық келісімді ілгерілетуге, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
Жергілікті халықтың проблемаларын шешу бойынша бірлескен әлеуметтік жобалар жоспарланған.