«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысының жобасы әзірленді.
Қаулы жобасы 2025 жылғы 19 ақпанда Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылды legalacts.egov.kz (13.03.2025 жылға дейін).
(https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15453272)
ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2025 жылғы
_________№_____ қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші
жойылған қаулыларының тізбесі
1) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4365 болып тіркелді);
2) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 26 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6018 болып тіркелді);
3) «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 03 қарашадағы № 438 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 1 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6919 болып тіркелді).