МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

2025 жылғы 22 қаңтарда Петропавл қаласында қала орта мектептері мен облыстық мамандандырылған оқу орындары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары үшін жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бастамасымен және қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен облыстың білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын түсіндіру болды. Талқылау барысында оқушыларға қатысты заңсыз миссионерлік қызметтің қауіптілігі, дін саласындағы заңнамадағы өзгерістер және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл тетіктері сияқты маңызды тақырыптар қозғалды.

Кездесуді аша отырып, дін істері басқармасының экстремизмнің алдын алу және оңалту жұмысы бөлімінің басшысы Н. Нұрмағамбет өскелең ұрпақты зайырлылық пен рухани-адамгершілік тәрбиелеу қағидаттарын дамытуға байланысты мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының (КҚТДО) теологы Н. Беков және қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің маманы Е. Андыбаев кездесуге қатысушылардың ұсыныстарын ескеріп, апта сайынғы іс-шаралар жоспарына оқушылармен және ата-аналар жұртшылығымен қосымша іс-шараларды енгізді.

Кездесуге қатысушыларға деструктивті діни ағымдардың мәнін түсіндіру бойынша тақырыптық брошюралар мен буклеттер, ҚР аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімдері бойынша ақпарат таратылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан білікті жауаптар алуға мүмкіндік алды.