Әл-Фараби атындағы мектеп лицейі оқушыларымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Әл-Фараби атындағы мектеп лицейі оқушыларымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Әл-Фараби мектеп лицейі оқушыларымен ақпараттық сағат өткізілді.

Іс – шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Зайырлық-мемлекеттің рухани тірегі » тақырыбында ақпараттық сағат өтті.

Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.

Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұстафина Толғанай Вагизовна - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD докторы.