А.Байтұрсынұлы атындағы №9 Орта мектеп оқушыларымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

А.Байтұрсынұлы атындағы №9 Орта мектеп оқушыларымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен А. Байтұрсынұлы атындағы №9 Орта мектепбінің оқушыларымен оқыту семинары өтті.

Іс – шарада келесі тақырып қарастырылды: «Діни экстремизм мен терроризм көріністері».

Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.

Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі  Мұстафина Толғанай Вагизовна – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD д.