
2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен жоғары Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студентерімен кездесу өтті.
Іс – шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Деструктивті жалған діни ағымдарға тарту әдістеріҚазақстан Республикасындағы зайырлық қағидасының маңызы
Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.
Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлы - СҚО әкімдігі Дін істері басқармасы КММ бас маманы.