Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің студенттерімен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің студенттерімен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің студенттерімен оқыту семинары өтті.

Іс – шарада келесі тақырып қарастырылды: «Зайырлық дінсіздікке жатпайды

Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.

Іс-шара спикері:  Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлы - СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасы КММ-нің бас маманы.