Спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Спортшылармен және жаттықтырушылар құрамымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-олимпиадалық резерв колледжінің оқушыларымен және студенттерімен оқыту семинары өтті.

Іс – шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Зайырлылықтың негізгі принциптері», «Деструктивті діни ұйымдардың жастарға әсер ету тәсілдері», «Деструктивті діни ағымдардың Қазақстан қоғамы үшін қауіпі» және т. б.

Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.

Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлы - СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасы КММ-нің бас маманы.