
2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Мұрат Айтқожин атындағы №1 орта мектептің оқушыларымен оқыту семинары өтті.
Іс – шарада келесі тақырып қарастырылды: «Діни және ұлттық бірегейлік», «Зайырлы мемлекеттің қағидалары».
Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.
Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Нұрмағамбет Нұртас Айбекұлы - СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасы КММ-нің бас маманы.