Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары мен оқытушыларымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының оқушылары мен оқытушыларымен республикалық ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы

2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы аясында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған гимназия-интернатының оқушыларымен және оқытушыларымен оқыту семинары өтті.

Іс – шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Діндар азаматтардың зайырлы қоғамдағы орны» және «Дін мен дәстүр сабақтастығы».

Аталған жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.

Іс-шара спикері: Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Мұстафина Толғанай Вагизовна - Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD докторы