
2024 жылғы 23 қыркүйекте СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасынің Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің бес күндік жобасы шеңберінде оқыту семинары өтті.
Іс-шараға Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттері қатысты.
Аталған семинарда келесі тақырыптар қарастырылды: «Зайырлылық қағидаты-Қазақстан Республикасының болашағының кепілі» және «Деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары».
Жобаның мақсаты - жастардың экстремизмге қарсы санасын қалыптастыру, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде құқықтық және азаматтық жауапкершілік деңгейін арттыру, Қазақстан жастарын радикалды және деструктивті діни ағымдарға тартуға жол бермеу.
Жобаның тапсырмасы:
Іс-шара спикерлері: республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Мұстафина Толғанай Вагизовна – Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ дінтану ғ. PhD д.
Сондай-ақ, ҚР МАМ жобасы аясында Петропавл қаласынан басқа облыстың 4 ауданына (Ғабит Мүсірепова, Уәлиханов, Ақжар және Тайынша ауданы) жастардың нысаналы топтарында ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу мақсатында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының сарапшыларының сапарлары ұйымдастырылады.
Облыс аумағында 800-ге жуық жастарды қамтитын 20-дан астам іс-шара оның ішінде мектеп оқушылары, оқытушылар, спортшылар, жаттықтырушылар, студенттер, NEET санатындағы жастар, діндар жастар арасында өткізіледі.
Жоба аясында келесі тақырыптар қарастырылды: «Зайырлылық қағидаты-Қазақстан Республикасының болашағының кепілі», «Деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары», «Дін мен дәстүр сабақтастығы», «Дін мен мемлекет қатынастары» және Қазақстан Республикасының дін саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік тақырыбында кездесу» және т.б.