
2024 жылдың 07 тамызында Діни экстремизм туралы профилактикалық ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Нұрмағамбет Н. Esil su қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымға тарту әдістерін және зайырлы мемлекеттің қағидаттары туралы сөз қозғалды. Кездесуге қатысушылар белсенді түрде қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сауалдарға толық жауаптар алынды. Аталған іс-шаралар әліде жалғасын таппақ.