КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЖАНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗІЛДІ

2024 жылғы 25 шілдеде «Атамекен» ҰКП жанында СҚО әкімдігінің Дін Істері басқармасының профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде СҚО әкімдігінің Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қолдауымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыстың ірі бизнес және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Іс-шараның спикерлері ретінде ЖАО және құқық қорғау органдарының өкілдері А. Қожабаев-Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы; Н.Нұрмағамбет – СҚО әкімдігінің ДІБ бас маманы; Е. Мырзағұлов - СҚО ПД ЭҚБ бөлімінің басшысы; Р. Насыров – СҚО прокурорының көмекшісі қатысты.

Іс-шарада келесі тақырыптар қарастырылды: «Дін саласындағы заңнаманы түсіндіру», «Терроризмді қаржыландырудағы қылмыстық жауапкершілік», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың белгілері».

Дөңгелек үстелдің мақсаты-қоғамда деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау, кәсіпкерлер арасында дінтану сауаттылығын арттыру арқылы діни экстремизмнің алдын алу, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу және экстремистік ұйымдарды қаржыландыруға жол бермеу.