
Ағымдағы жылдың 28 мамырында СҚО әкімдігі Дін істері басқармасының бастамасымен Терроризмге қарсы іс-қимыл саласын, оның ішінде терроризмге қарсы операцияны жүргізу кезеңінде жариялайтын журналистер пулына арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға өңірлік телеарналардың, облыстық баспа басылымдарының өкілдері қатысты.
Бұқаралық ақпарат құралдары бүгінгі таңда терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы әлеуметтік коммуникацияның маңызды құралы бола отырып, болып жатқан оқиғалар туралы уақтылы және сенімді ақпарат беруге арналған.
Кездесуге қатысушыларға экстремизмге байланысты жағдайларды жариялаудың негізгі ұстанымдары, БАҚ үшін ұсынылатын идеологемалар мен бағдарлар, қолданылатын терминология мен ұғымдар жеткізілді. Дін саласындағы уәкілетті органның басшысы түрлі діни мәселелерді қате түсіндіру, жарияланатын материалдарды қабылдауға теріс әсер етуі, діни негіздегі әлеуметтік қайшылықтарға жағдай жасауы мүмкін екенін атап өтті.