2024 жылғы 13 мамырда профилактикалық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде М. Жұмабаев it-мектеп-лицей базасында СҚО әкімдігінің дін істері басқармасы Петропавл қаласының білім бөлімімен бірлесе отырып Петропавл қ. мектеп директорларымен семинар ұйымдастырды.
Іс-шара барысында жастарды әлеуметтік желілер арқылы деструктивті діни ағымдарға тарту әдістері, Қазақстан Республикасында теологиялық білім алу талқыланды. Тыңдаушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды.