АТЖ мәселелері бойынша ZOOM платформасында кеңес өтті

АТЖ мәселелері бойынша ZOOM платформасында кеңес өтті

2024 жылдың 30 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасы ZOOM платформасы арқылы басқарма басшысы Р. Қасенованың қатысуымен аудандар мен қаланың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандарына, Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мамандарына және ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне кеңес ұйымдастырды.

Басқарма басшысы Р. Қасенова халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, оның ішінде дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының негізгі қызметі, халықтың дінтану және құқықтық сауаттылығын арттыру тәсілдері, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті діни ағымдардың радикалды идеологиясына тұрақты иммунитетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарды айқындады.

Кеңеске барысында тыңдаушылар белсенді қатысып, өз сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарға толық жауаптар алынды. Аталған бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда.